Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Халықаралық сарапшылардың пікірлері

Статистика комитеті топ өзінің алдына қойған түбірінен жаңғырту мақсаты шынымен әсер етеді. Өткен жылы бізде «Статистикалық ақпараттық жүйенің редизайны» кешенді жаңғырту жобасы аяқталды, ол Чех статистикалық институты трансформациясының елеулі белес ретінде тарихқа кіреді. Статистика комитеті қазіргі кезде осыған ұқсас жобаны іске асыратынын ескере отырып, Чех статистикалық институты осы саладағы өз тәжірибесімен бөлусіге дайын.

Чех статистикалық институты
Ива Ритшелова
«Қазақстан статистикасының 95-жылдығына «Мемлекеттік статистиканы жаңғырту»
халықаралық конференцияның есебі» 2015 жылғы қараша

 

ТМД елдері әр уақытта жаңа статистикалық құралға көшіп отырды. Қазақстан Республикасының статистикалық қызметі ТМД ұлттық статистикалық қызметтерінің ішінде өз жұмысында NECE жіктеуішін қолдануды бастаған алғашқылардың бірі болды.
Қазіргі кезде Статистика комитеті статистика алдына уақыт қоятын кез келген талапқа тиісінше жауап бере алатын жоғары білікті мамандардың ұжымын білдіреді.
Қақақстан статистикасы статистиканың өзекті бағыттарына арналған ТМД Статкомитеті өткізген барлық жұмыс топтарына және семинарларға әрқашан белсенді түрде қатысты және қатысып келеді. 

Владимир Соколин
ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті
«Қазақстан статистикасының 95-жылдығына «Мемлекеттік статистиканы жаңғырту»
халықаралық конференцияның есебі» 2015 жылғы қараша

 

Қазақстан статистика қызметінің дамуы мемлекеттік бағдарламалармен қатар халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық бағдарламалары үшін де ерекше маңызға ие. Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры бірлескен жұмыс бағыттарын верификациялау, жалпы басымдықтарды бекіту және балалардың мүдделері үшін Қазақстанның оң дамуындағы сенімділікті бекіту үшін қолжетімді статистикаға негізделетін елмен ынтымақтастықтың жаңа 5-жылдық бағдарламасын бастайды. Статистиканың тәуелсіздігі және статистикалық қызметтің әлеуетін тұрақты арттыру Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды басымдықтары болу тиіс.

Юрий Оксаминтный –
Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры
«Қазақстан статистикасының 95-жылдығына «Мемлекеттік статистиканы жаңғырту»
халықаралық конференцияның есебі» 2015 жылғы қараша

 

Статистика комитеті өз алдына құрылымды зерттеу және еңбекақыны бөлу:  («Қызметкерлердің жекелеген лауазымдары мен кәсіптері бойынша жалақы мөлшері туралы есеп» 2-Т (ПРОФ) және «Қызметкерлер санын есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлу туралы есеп» 1-Т(ЗП) статистикалық нысандары) 2-жаппай зерттеуді іріктемелі зерттеулерге ауыстыру мақсатын қойды. Екі статистикалық нысан орнына «Құрылым және еңбекақыны бөлу» іріктемелі зерттеуінің бір нысанын енгізу.
Іріктемелі зерттеулерді қолдану ұсынылған ақпараттың сапасын сақтау кезінде респонденттерге жүктемені төмендетеді, статистика органының шығындарын қысқартады.
Статистика комитеті енгізетін «Құрылым және еңбекақыны бөлу» іріктемелі зерттеуі Халықаралық еңбек ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Статистика комитеті жүзеге асыратын еңбек шығындары бойынша деректерді жинау халықаралық стандарттарға сәйкес келеді («Еңбек бойынша есеп» 1-Т нысанының «Жұмыс күшіне қаражат бөлу туралы» 9 – бөлімі).
Комитеттің маусымдық және күнтізбелік тегістеуді ескере отырып еңбек құнының жаңа индексін есептеуі  Еуропалық одақтың халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

Роланд Гюнтер  
Германия Федералдық статистикалық офисі (Дестатис)  
«Қазақстан статистикасының 95-жылдығына «Мемлекеттік статистиканы жаңғырту»
халықаралық конференцияның есебі» 2015 жылғы қараша

 

Комитет тарапынан ҚАЗСТАТ жобасын ұйымдастыру және басқаруды Дүниежүзілік Банк ресми статистиканы дамытудың басқа жобаларына енгізу үшін үлгі ретінде ұсынуға болатын үздік тәжірибе ретінде санауы қажет.

Джозеф Оленский
«ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба»
Жобасын іске асыру барысы туралы орта мерзімдік шолудың есебі» 2014 жылғы тамыз

 

D7 кіші компоненті іріктемені қалыптастыру әдістемесіне негізделеді. Консультациялық миссиялардың, оқытулар мен оқу сапарларының барысында  Статистика комитетінің, соның ішінде іріктемені қалыптастыру басқармасының қызметкерлері іріктемелі жиынтықты қалыптастыру әдістемесінің теориялық және тәжірибелік аспектілері бойынша оқытудан өтті.
Осы іс-шаралардың негізді екендігіне байланысты олардың нәтижелерін бағаламау мүмкін емес:
Қазір Статистика комитетінің қызметкерлерінде іріктемені қалыптастыру бойынша едәуір теориялық білім бар.
Комитеттің ішінде салалық басқармалар мен іріктемені қалыптастыру басқармасы қызметкерлерінің арасында өзара іс-қимыл бірнеше есе арттырылды.
Іріктемелі зерттеулер үшін стандарттық қателерді есептеу қажеттілігі қазіргі уақытта Комитетте жалпыға ортақ қабылданған тәжірибе, ал бұл сапаны қамтамасыз етудегі іргетас болып табылатындығын атап өтуге рұқсат етіңіз.
Сондай-ақ Статистика комитетінде “R”-software-ға ұқсас статистикалық бағдарламалық қамтамасыз етілімді қолдану енгізілді, бұл іріктемені, өлшеуішті қалыптастыру, стандарттық қателерді есептеу және т.б. кезінде Статистика комитетінде тиімділігін жоғары деңгейге көтеруге алып келді. Комитет ішінде бұрынғы көптеген үлкен және еңбекті талап ететін үдерістер неғұрлым жылдам және едәуір тиімді  жұмыс үдерістеріне ауыстырылды.
Іріктемелі зерттеулерге қатысты әдіснамалық құжаттардың әртүрлілігі талқыланды және олар қазір дамудың заманауи деңгейіне көтерілді.
Статистика комитеті өткізетін іріктемелі зерттеулер байланысты барлық сұрақтар халықаралық стандарттарға сәйкес екендігі дәлелденді.
Астанада адамдардың қонақжайлылығына және Статистика комитетіндегі жақсы еңбек атмосферасына байланысты Статистика комитетіндегі әріптестермен жұмыс істеу маған өте ұнады.

Кай Лоренц
«ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба»
Жобасының іріктемелі зерттеу бойынша халықаралық кеңесшісі

 

Висбаден қаласында қазақстандық әріптестерімізбен өткен бірінші кездесуден кейін сындарлы ынтымақтастығымыз өте жоғары деңгейде жүзеге асырылатынына көзіміз жетті. Үстіміздегі жылы жобаны ойдағыдай аяқтайтынымызға сенеміз. Жобаның қалған іс-шараларын Астанада өткізетінімізге қуана отырып, әріптестерімізге көрсеткен қонақжайлылығы үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.

Керстин. Хансель және Габриэле Бентеле
«ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба»
жобасының пайдаланушылармен іс-қимылды жетілдіру бойынша халықаралық кеңесшілері

 

     «... Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі БҰҰ ЕЭК ұйымдастырған бірнеше жұмыс кеңестері мен семинарларын өзінде қабылдады. ... Осы кездесулердің барлығы кәсіптік деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар кездесулердің жақсы ұйымдастырылуын, жақсы жағдайлар қамтамасыз етілгенін және Статистика агенттігінде жұмыс жасаған әріптестердің қонақжайлылығын жоғары бағалады. ... БҰҰ ЕЭК хатшылығы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен орнатылған жемісті ынтымақтастықты өте жоғары бағалайды. Біз Агенттігіңізді Орталық Азия өңірінде түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда серіктесіміз деп санаймыз және осы ынтымақтастықтың келешекте жалғасатынына үміттенеміз.»

Лидия Братанова, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Статистикалық бөлімінің директоры
 (Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының 90 жылдығына және
 Дүниежүзілік статистика күніне арналған «Қазақстан статистикасы: нәтижелер және даму келешегі»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясындағы «Ресми статистикадағы мәселелер» баяндамасы, 2010 ж.)

 

«Мен Дүниежүзілік банк атынан бүгін осында болуға және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 90 жылдық мерейтойына куәгер болғаныма өте қуаныштымын. Осы мерейтой жаңа әдістер мен стандарттарды қолдану арқылы алынған, статистикалық ақпараттың жаңа түрлерін талап ететін жаңа экономикалық құрылымның қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша тәуелсіздік алған уақыттан бастап Статистика агенттігінің елеулі жетістіктерімен атап өтілді.
Агенттік осы қажеттіліктерге сәтті ден қою үшін ұлттық статистикалық жүйені озық халықаралық ережелерді енгізу жолымен өзгертумен қатар, алдағы даму үшін өзінің әлеуетін нығайтты.
Бүгін Қазақстан деректерді таратудың әдіснамасы, кезеңділігі және уақтылылығы бойынша Еуропа және Орталық Азияда көшбасшылардың бірі болып табылады.»

Шебнем Аккая, Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі
(Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының 90 жылдығына және Дүниежүзілік статистика күніне арналған
 «Қазақстан статистикасы: нәтижелер және даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясындағы
 «Қазақстан ғаламдық статистикалық жүйеде» баяндамасы, 2010 ж.)

 

"ТБИ үшін бастапқы деректер, негізінен бағаны ай сайынғы бақылау және индекстің салмақтық коэффициентін анықтау үшін үй шаруашылықтарының кірістері мен шығындарын зерттеу, ТБИ құрастыру үшін жақсы негіз болуын қамтамасыз етеді және халықаралық тәжірибенің ең жақсы жетістіктеріне негізделеді.»
«ҚРСА жалпы құрастырылатын ТБИ деректерінің дәйектілігін және дәлдігін қамтамасыз ету үшін негізделген статистикалық әдістерді қолданады.
ҚРСА тұтынушылардың түсінігін жеңілдететін, ағымдағы кезеңнің оқиғаларын көрсететін, кестелер және талдаулармен, графиктермен ілесетін нақты көрсетілген ТБИ кіретін түрлі жарияланымдар шығарады.»

Халықаралық Валюта Қоры Статистика департаменті Кодекстер және стандарттарды сақтау туралы баяндама
(РОСК) – Деректер модулі 2007 жылғы тамыз

 

«ТБИ-дың суб-индексі жеткілікті нақтыланған деңгейде жарияланады, бұл инфляцияға талдау жасауға мүмкіндік береді».
«Өндірушілер баға индексінің әртүрлі есептеулері жүзеге асырылады. Өндірушілердің баға индексінің жүйесі қолданушылардың қажеттіліктеріне қатынасы бойынша қарастырылды және теңдестірілді». 

БҰҰ Еуропалық Экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) және БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және Әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ ЭӘКАТМ)
ҚР статистикалық жүйесін ғаламдық бағалау 2008 жылғы ақпан

 

«… Қазақстанның статистикалық жүйесі бүгін өте жоғары стандарттарға ие және көптеген халықаралық ұсынымдарды ұстанады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде барлық маңызды халықаралық статистикалық жіктелімдер қолданылады. … Қазақстанның ұлттық статистикалық кеңсесі жақсы жұмыс стандарттары, Ресми статистиканың негізгі принциптеріне және халықаралық ынтымақтастыққа адалдық үлгісі болып табылады.»

Қазақстанның статистикалық жүйесін ғаламдық бағалау қорытындылары бойынша баяндама (БҰҰ ЕЭК, БҰҰ АТМЭӘК, 2008 ж.)

 

«Қазақстанда ТБИ және ӨБИ жүйесі жақсы жұмыс істейді. Ұялы телефондар немесе басқа электрондық жабдықтардың көмегімен ТБИ үшін деректерді жинау жүйесіне өзгерістер енгізу ең маңызды болып табылады. 

Финляндияның Статистика агенттігі Илкка Лехтиннен
«ҚАЗСТАТ» жобасының шеңберінде «Баға статистикасы» миссиясының есебі 2012 жылғы қараша

 

«Баға статистикасы жүйесі қазіргі уақытта жақсы деңгейде тұр.»
«Миссия нәтижелері бойынша ХВҚ аудиті туралы есебінде көрсетілгендей Қазақстанның ағымдағы тұтыну бағасының индексі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді деп шешім шығарылды». (ХВҚ РОСК баяндамасы, 2007 жылғы тамыз).
Индекс жақсы анықтамаға ие және халықаралық стандарттарды ескерумен құрылады. Индекс уақтылы жарияланады және ол үшін тиімді функционалдық үдеріс қажет».

Финляндияның статистика агенттігі Мари Йла-Яркко
«ҚАЗСТАТ» жобасы шеңберіндегі «Тұтыну бағалары индексі деректерін жинаудың ағымдағы жүйесі» миссиясының есебі 2013 жылғы наурыз

 

Қазақстан Республикасы статистика агенттігі, соңғы уақыт ішінде ҒЗТКЖ және инновация саласындағы статистика бойынша едәуір жетістікке қол жеткізді. Статистикалық нысандар Еуростаттың негізгі сұрақтамаларына сәйкес барлық негізгі көрсеткіштерді қамтыған. ҒЗТКЖ және инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдіснаманың жобасы, Фраскати және Осло ұсынымдарында қамтылған халықаралық ұсыныстарға сәйкес. Бұдан басқа, ҚРСА ЮНЕСКО-ның талаптарына сай қажетті көрсеткіштерді де қалыптастыруда.

Финляндияның статистика агенттігі, Ари Лэппалахти
«ҚАЗСТАТ» жобасы шеңберіндегі «Ғылым және инновация статистикасын жетілдіру» миссиясының есебі 2013 жылғы қараша

 

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
«КАЗСТАТ» жобасы
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
18:30 - 9:00-ға дейін:   
+7 707 755 24 49
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 07
Баспасөз қызметі:
Алимова Д.А.
8 701 555 7859,
+7 7172 74 92 57
e-mail: Di.Alimova@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter