Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Қарағанды облысының 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Қарағанды облысы бойынша халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2019 жылғы ақпанда 25643 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы ақпанмен салыстырғанда 2,9%-ға артық. Оның құрылымында азық-түлік өнімдерінің құны 14104 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер – 11539 теңгені құрады.

2019 жылдың қаңтар-ақпанында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 356,9 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл 2018 жылғы қаңтар-ақпаннан 12,2%-ға кем. Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлемінің негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі – 71,8%. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 16,2%-ды құрады, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 10,5%, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 1,5%-ды.

Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімінің (қызмет) шығару көлемі 2019 жылғы қаңтар-ақпанда 16,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-ақпаннан 0,7%-ға артық. Жоғарылау мал шаруашылығы өнімін 0,7%-ға өндірудің өсуіне байланысты.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 78,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-ақпандағы көлемнен 1,9 есеге артық. Инвестициялардың негізгі көлемін құрылыс-монтаждау жұмыстарына, күрделі жөндеуге және технологиялық жабдықты сатып алуға шығындар құрады. Облыс аумағында халықпен және кәсіпорындармен жалпы ауданы 77,5 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілген, бұл өткен жылдың қаңтар-ақпанынан 112,9%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-ақпанынан 1,7 есеге артық.

Бөлшек сауда айналымы 135,2 млрд. теңгені құрады және өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 5,2%-ға ұлғайды (салыстырмалы бағаларда). Бөлшек сауданың негізгі көлемін жеке сауда қызметін жүзеге асыратын және базарларда сататын жеке тұлғалар қамтамасыз еткен. Олардың тауар айналымы 79,8 млрд. теңгені құрады немесе өткізудің жалпы көлемінің 59%-ы.

Теміржол және құбыр көлігінің көлемдерін бөлуді ескерумен барлық көлік түрлерімен жүктерді тасымалдау 2019 жылдың қаңтар-ақпанында 118,1 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,3%-ға артық. Теміржол көлігінің көлемдерін бөлуді ескерумен барлық көлік түрлерімен жолаушыларды тасымалдау 402,2 млн. адамды құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-ақпанынан 2,8%-ға артық.

 

 

 

 

 

 

 

www.stat.gov.kz/ Комитет жайлы/ Өңірлер/ Қарағанды облысы/ Әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Орындаушы:

Г.М. Мизамбаева

Тел. +7 7212 41 44 66

Жұмыстарды жоспарлау және статистикалық ақпаратты тарату басқармасының басшысы:

Н.К.Ажмуратова

Тел. +7 7212 41 44 66

Баспасөз қызметі:

Н.К. Ажмуратова

Тел. +7 7212 41 44 66

E-mail: statkrg@economy.gov.kz

Мекенжай:

 

100000, Қарағанды қ.

Чкалов  көшесі, 10

 

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің
Қарағанды облысының Статистика департаменті

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter