Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Қарағанды облысының әйелдері туралы статистика

2019 жылдың басына Қарағанды облысында әйелдердің саны 724,3 мың адамды, немесе облыс халқының 52,5%-ын құрады. Қалалық елді мекендерде әйелдер халқының үлесі 53,3%-ды, ауылдық мекендерде – 49,4%-ды құрайды.

2018 жылғы облыс халқының көші-қон кемуі 11,6 мың адамды құрады, ондағы 6,3 мың адам – әйелдер. Алдыңғы жылмен салыстырғанда әйелдер халқының көші-қон кері сальдосы 0,9%-ға өсті. Әйелдер саны 1,7 мың адамға немесе 0,2%-ға қысқарды.

Халықтың табиғи өсімі оң үрдіспен сипатталады. 2018 жылы облыста 22983 адам туылған, бұл алдыңғы жылға қарағанда 4,2%-ға көп. Халықтың жынысы бойынша туылуын талдауда, қыздар ұлдарға қарағанда сирек туылатындығы байқалады. 2018 жылы туылғандардың санында қыздардың үлесі 47,8%-ды құрады. Жалпы, бір жылға халықтың табиғи өсімі 4,5%-ға өсті, одан әйелдер – 2,7%-ға.

Облыста халықтың күтілетін өмір ұзақтығының тұрақты өсімі байқалады. Кейінгі деректер бойынша туу кезінде күтілетін өмір ұзақтығы әйел жынысты тұлғаларда бір жылға 0,6%-ға өсті және 75,8 жасты құрады. Облыс бойынша орташа алғанда әйелдер ерлерге қарағанда 8,7 жас артық өмір сүреді.

2018/2019 оқу жылының басына облыстың жоғарғы оқу орындарында оқитындардың ішінде әйелдердің үлесі 52,6%-ды, колледждерде – 46,5%-ды құрады. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жүйесінде 58,3% докторанттар, 57,3% резидентура тындаушылары және 47,6% магистранттар – әйелдер.

15 жас және одан асқан жастағы халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша таңдамалы зерттеу нәтижелері бойынша, 2018 жылғы IV тоқсанда облыстың барлық жұмыспен қамтылған халық санынан жұмыс істейтін әйелдер 45,5%-ды, немесе 300,9 мың адамды құрады. Ондағы 92,6% -ы жалдамалы қызметкерлер, 7,4% – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар.

Жалдамалы қызметкерлер санынан әр төртінші әйел білім беру кәсіпорындарында (ұйымдарда) (63,6 мың адам), әр бесінші – саудада (48,3 мың адам), әр алтыншы – өнеркәсіпте (46,9 мың адам) еңбек еткен. Өз бетінше жұмыс істейтін әйелдердің ішінде 13,2 мың адам (59,4%) сауда саласында, 5,1 мың адам (23,2%) – ауыл шаруашылығында жұмыс жасаған.

Әйелдердің басым бөлігі (63,7%) оқу нәтижесінде алған мамандығы бойынша жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылған әйелдердің ішінде 41,6% орта кәсіби (арнайы) білім, 39,3% – жоғарғы және аяқталмаған жоғарғы, 9,7% – бастапқы кәсіби білім бар.

Негізгі жұмыста жұмыспен қамтылу санаты бойынша жұмыспен қамтылған әйелдердің 25,9%-ы біліктілігі жоғары деңгейлі маман, 21,1% – біліктілігі жоқ жұмыскерлер, 17,6% – қызмет көрсету және сату саласындағы жұмыскерлер болып табылады, 12,6% басшы немесе мемлекеттік қызметкер лауазымын иеленген, әкімшілік облысында қызмет ететін 12,4% техник-маман және басқа да көмекші кәсіби қызметкерлер, 5,1% – өндірістік құрал-жабдық операторлары, жинаушы және жүргізуші, 4,1% – өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа ұқсас жұмыстардың жұмыскерлері жұмыс істейді, 1,2% фермерлер және ауыл шаруашылығы жұмыскерлері еңбектенеді, 0,2% – басқа топтарға кірмейтін жұыскерлер.

Жыл сайын кәсіпорындар мен ұйымдардың әйел-басшылары санының өсуі байқалады. Соңғы жылға олардың саны 6,9%-ға өсті. Әйелдер 2019 жылдың басына жұмыс істеген заңды тұлғалардың 29,8%-ын басқарады.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санында әйелдер 64,2%-ды, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары арасында – 23,9%-ды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

www.stat.gov.kz/ Комитет жайлы/ Өңірлер/ Қарағанды облысы/ Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)/ Жинақтар, тоқсандық басылымдар, талдамалық материалдар мен электронды кестелер/ 2018 жылғы мұрағат/ Қарағанды облысының әйелдері мен ерлері

 

Орындаушы:

Н.Г. Коробейникова

Тел. +7 7212 41 44 67

Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы:

Н.Я. Дасаева

Тел. +7 7212 41 44 67

Баспасөз қызметі:

Н.К. Ажмуратова

Тел. +7 7212 41 44 66

E-mail: statkrg@economy.gov.kz

Мекенжай:

 

100000, Қарағанды қ.

Чкалов  көшесі, 10

 

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Қарағанды облысының Статистика департаменті

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter