Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2019 жылғы қаңтарға Қарағанды облысында мал шаруашылығындағы өнім өндірісі көлемінің өсуі 0,7%-ды құрады

2019 жылғы қаңтарда Қарағанды облысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы 8268,6 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтардан 0,6%-ға жоғары.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы көлеміндегі едәуір үлес салмақты мал шаруашылығы алды – 96,8%. 2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда мал шаруашылығындағы өнім өндірісінің көлемі 0,7%-ға артты және 8003,3 млн. теңгені құрады.

Ағымдағы жылғы қаңтарда мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта 9,5 мың тонна ет өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көлемінен 0,2%-ға төмен. Мал мен құстың барлық түрлері етінің негізгі үлесі жұртшылық шаруашылықтарымен өндірілген – 63,5%. Ет өндірудің ең көп үлесін Жаңаарқа, Нұра және Бұқар жырау аудандары өндірген, сәйкесінше 31,4%, 15,2% және 12,2%.

Мал мен құстың барлық түрлерінің етін өндіру құрылымында едәуір үлес салмақ сиыр етіне тиесілі – 46%. Жылқы еті – 28,7%-ды, шошқа еті – 9,2%-ды, қой еті мен ешкі еті 8,2%-ды, құс еті – 7,9%-ды, құрады.

2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда сиыр сүтін өндіру 1,4%-ға өсті және 10 мың тоннаны құрады. Сиыр сүтінің негізгі өндірушілері жұртшылық шаруашылықтары болып табылады, облыстық көлемдегі олардың үлесі 52,8%-ды құрады. Сүт өндірудің негізгі көлемі Шет, Нұра және Абай аудандарына тиесілі, сәйкесінше 24,7%, 14,2% және 11,2%.

Тауық жұмыртқасының 59,2 млн. данасы өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көлемінен 3,9%-ға жоғары. Жұмыртқа өндірісі бойынша жетекші қатарды ауыл шаруашылығы кәсіпорындары алады, олар қаңтарда облыс көлемінің 96%-ын өндірген. Тауық жұмыртқасын өндірушілердің негізгі көлемін Бұқар жырау және Абай аудандарының ауыл шаруашылық өндірушілері өндірген – сәйкесінше 58% және 37,7% .

 

 

 

 

 

 

www.stat.gov.kz/ Комитет жайлы /Өңірлер / Қарағанды облысы / Ресми статистикалық ақпарат / 3 серия. Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы / Бюллетеньдер / Қарағанды облысында малшаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Орындаушы:

И.Ю. Дамм

Тел. +7 7212 41 47-71

 

Басқарма басшысы:

Л.В. Эм

Тел. +7 7212 41 45 21

 

Баспасөз қызметі:

Н.К. Ажмуратова

Тел. +7 7212 41 44 66

E-mail: statkrg@economy.gov.kz

Мекенжай:

 

100000, Қарағанды қ.

Чкалов  көшесі, 10

 

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Қарағанды облысының Статистика департаменті

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter