Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Тіркелген заңды тұлғалар саны бойынша Қарағанды облысы республикада 4-орынды алады

Республикадағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы санында облыстың заңды тұлғаларының үлес салмағы 7%-ды құрады.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды облысында тіркелген заңды тұлғалар саны 28 700 құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың саны 6,2%-ға артты.

Облыстағы заңды тұлғалардың 67,2%-ы Қарағандыда тіркелген, Теміртауда – 10,1%, Жезқазғанда – 6,1%, Балқашта – 2,7%. Облыстың қалған аймақтарына 13,9% тиесілі.

Облыс аумағында тіркелген кәсіпорындар саны ішінде 97,7%-ы шағын, 1,7%-ы орта және 0,6%-ы ірі кәсіпорындар болып табылады.

Облыстағы тіркелген шаруашылық етуші субьектілер арасында жеке меншік нысанды заңды тұлғалар 87,9%-ды құрады, мемлекеттік меншік – 7,1%, шетелдік меншік – 5%.

Заңды тұлғалардың ең көп бөлігі сауда – 35,3%, құрылыс – 13,3%, өңдеу өнеркәсібі – 7,5% салаларында жұмысын жүзеге асырады. Облыстағы тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санынан басқа қызмет көрсету түрлерін көрсететін ұйымдарға - 6 %, жылжымайтын мүлікпен операциялар орындайтын ұйымдарға - 5,7 %, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен айналысатын ұйымдарға - 5,4 %, білім беру қызметін көрсетушілерге – 4,8 %, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуді жүзеге асыратын салаға - 4 % тиесілі. Өзге экономикалық қызмет түрлерімен тіркелген ұйымдар мен кәсіпорындардың саны 0,4% бен 3,3 % аралығында ауытқиды.

Заңды тұлғалардың шамамен 81,8%-ы жауапкершілігі шектеулі, қосымша серіктестік, толық және коммандитті серіктестік ретінде тіркелген. Тіркелген заңды тұлғалардың ішінде 6,5%-ы – мекемелер, 3,1%-ы – қоғамдық бірлестіктер, 2,6%-ы – тұтынушы кооперативтері. Тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санындағы өндірістік кооперативтердің үлесі 2%-ды құрады. Мемлекеттік кәсіпорындардың үлес салмағы 1,6%-ды құрады, ондағы 71,8%-ы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып саналады.

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter