Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Қарағанды облысында 2017 жылғы егін жинау қортындылары

2017 жылы Қарағанды облысында ұқсатудан кейінгі салмақта 755 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар жиналған, бұл 2016 жылға қарағанда 14,7%-ға кем.

Дәнді және бұршақты дақылдарды өндіру құрылымында астықтың үлес салмағы 79%-ды, арпа – 18,7%, сұлы – 1,8%, басқада дәнді және бұршақты дақылдар – 0,5% құрады.

Дәнді және бұршақ дақылдарының едәуір көлемі Осакаров және Нұра, Бұқар жырау аудандарының ауыл шаруашылық өндірушілерімен өндірілген, облыстық көлемнің сәйкесінше 43,8%-ы, 25,5%-ы және 13,8%-ы өндірілді.

Дәнді және бұршақты дақылдарды жалпы жинаудың кемуі облыстың олардың егетін 10 ауданында байқалды.

2017 жылы 322,5 мың тонна картоп жиналған, бұл 2016 жылғы көлемнен 7,1%-ға артық. Картоп жинауда бастапқы орындарды Абай және Бұқар жырау аудандары алады, олармен облыстық деңгейдің сәйкесінше 37,5% және 19,9%-ы өндірілген. Картоп өндірісінің өсуі облыстың 14 өңірінде байқалды.

Көкөніс өндірісі 2016 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артты және 101,9 мың тоннаны құрады. Жиналған жалпы көкөністердің көлеміндегі ашық топырақта өсірілген көкөністердің үлесі – 94,6%-ды, қорғалған топырақтағы көкөністердің үлесі – 5,4%-ды құрады.

Ашық топырақта өсірілген көкөністер өнімінің құрылымында – 25,4% сәбізге, 25,3% – қызылшаға, 14% – қырыққабат, 17% – қызанақ, 11,5% – қиярға, 6,8% –  басқа көкөністерге келеді.

Жабық топырақта өсірілген көкөністердің ішінде, негізгі көлемі – 67,2% қиярға, қызанаққа – 31,9% және басқа көкөністерге – 0,9% келеді.

Өсірілген көкөністің негізгі көлемі Абай ауданында 40,5%, Қарағанды қаласында 11,8%, Нұра ауданында 10,2% жиналды. Көкөністі жалпы жинау облыстың 9 өңірінде байқалды.

Мал азықтық дақылдардарды жалпы жинау 2017 жылы 2016 жылға 8,7%-ға артты және 1765,4 мың тоннаны құрады.

Шөпті жалпы жинаудың өсуіне байланысты мал азықтық дақылдардарды өндіру өсті, мал азықтық дақылдардардың облыстық көлемінің нақты салмағы 99%-ды құрады.

Мал азықтық дақылдардардың ең көп көлемі Шет, Ақтоғай және Жаңаарқа аудандарында, сәйкесінше  19,9%, 13,9% и 13,5% құрады. Мал азықтық дақылдардарын жалпы жинаудың өсуі облыстың 9 өңірінде байқалды.

www.stat.gov.kz/ Комитет жайлы /Өңірлер / Қарағанды облысы / Ресми статистикалық ақпарат / 3 серия. Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы / Бюллетеньдер / 2017 жылы Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter