Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Қарағанды облысындағы 2018 жылғы қаңтардағы инфляция 0,2%-ды құрады.

Азық-түлік тауарлары бір айда 0,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,1%-ға, ақылы қызметтер 0,1%-ға қымбаттады.

Азық-түлік тауарларына баға индексінің қалыптасуына ағымдағы жылғы қаңтарда қиярға – 7,8%-ға, басты пияз – 4,2%-ға, қызанаққа –3,5%-ға, сөкке – 3,1%-ға, сәбізге – 3%-ға, сұлы жармасына – 2,5%-ға, картопқа – 2,1 %-ға, ақ қауынды қырыққабатқа – 1,8 %-ға бағаның өсуі әсер етті. Қарақұмық жармасына – 8,3%-ға, қантқа – 3%-ға, арпа жармасына - 2%-ға, бағаның төмендеуі белгіленді. Темекі өнімдері 3,3%-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлар тобында зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 1,4%-ға,  фармацевтикалық өнімдерге - 1,1%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, шыны және қыш бұйымдарға – 0,7%-ға бағаның өсуі тіркелді, дизель отыны мен бензин 0,9% және 0,6%-ға сәйкесінше арзандады.

Ақылы қызметтер саласында қала маңына қатынайтын поезд тарату билеттері 41,6%-ға, сақтандыру және құқықтық қызметтер - 6%-ға, қоғамдық тамақтану қызметтері - 1%-ға қымбаттады, сонымен қатар, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі – 3,6 %-ға, әуе жол жолаушылар көлігінің қызметтері - 5,8%-ға, арзандады. 

Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің негізгі топтарына баға индекстері

                пайызбен

 

2018 жылғы қаңтар

2017 жылғы желтоқсанға

2017 жылғы қаңтарға

Барлық тауарлар мен қызметтер

100,2

106,2

Алкогольсіз сусындар мен тамақ өнімдері

100,3

106,2

Алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдері

101,4

108,5

Киім және аяқ-киім

100,1

109,2

Тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ   және отынның өзге де түрлері

100,0

105,5

Үй тұрмысына қажетті заттар

100,5

105,5

Денсаулық сақтау

100,5

104,2

Көлік

99,8

109,3

Байланыс

100,0

100,1

Демалыс және мәдениет

100,0

103,6

Білім беру

100,0

103,0

Мейрамханалар мен қонақ үйлер

100,9

102,2

Әртүрлі тауарлар мен қызметтер

100,4

105,7

Әдіснамалық түсініктемелер

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі, халықтың жеке тұтыну үшін сатып алынатын тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгерісін көрсетіледі. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 айқындама енген. Бағаны тіркеу әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет саласы кәсіпорындарының іріктеме желісінде қалалардың және аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде алдыңғы жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

 www.stat.gov.kz/«Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)/Жедел деректер (жедел ақпарат, бюллетеньдер)/Бағалар мен тарифтер.

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter