Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2017/2018 оқу жылының басына Қарағанды облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру

2017/2018 оқу жылының басына Қарағанды облысында 67 дербес техникалық және кәсіби білім беретін ұйым (ары қарай – колледж) және 4 филиалы жұмыс істеді, ондағы 44 колледж – мемлекеттік меншік нысанды. Оқушылар саны 40,3 мың адамды құрады, оның 25,8 мың адамы немесе 64,1%-ы мемлекеттік колледжде оқиды.

Негізгі орта білім негізінде оқитындардың жалпы санының 72,1%-ын құрайды, жалпы орта білім негізінде – 24,7%, колледж негізінде – 3,2%. Күндізгі оқу бөлімінде 85,1% оқушы техникалық және кәсіби білім алуда, сырттай – 14,4%, кешкі – 0,5%. Техникалық және кәсіби оқу орындарында 37,6% оқушы мемлекеттік тілде білім алуда.

Ағымдағы оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 22,7 мың адам білім алуда, бұл 56,4% оқушыны құрайды, ақылы негізде – 17,6 мың адам немесе 43,6%.

2017 жылы облыс колледждеріне 13,6 мың адам қабылданды. Мамандар шығару 12,7 мың адамды құрады, олардан 8,4% жоғарғы оқу орындарда және колледждарда білім алуды жалғастырған.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарында 3160 оқытушы мен 525 өндірістік оқыту шеберлері жұмыспен қамтыған. Педагог қызметкерлердің жалпы санынан 2663 адам, немесе 84,3%-ы оқу орындарының штатында тұр. 964 оқытушы мен 49 өндірістік оқыту шеберлерінде жоғары санаты бар, бұл олардың жалпы санынан, тиісінше 30,5% және 9,3%-ды құрайды.

2017/2018 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарының ғимараттарының жалпы көлемі 397,7 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде оқу орындарының меншігінде 381,4 мың шаршы метрі, немесе 95,9%.

________________________________________________________________________________________

www.stat.gov.kz/ Комитет жайлы/ Өңірлер/ Қарағанды облысы/ Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)/22 серия. Білім беру статистикасы/ Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter