Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2019 жылғы қаңтар-сәуірде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,1% құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы қаңтар-сәуірде 2018 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 104,1% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2914,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 6,7% артық.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 9294,4 млрд. теңгені құрды, бұл 2018 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2,9% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 2,6%, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 3,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда - 0,2%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 12,7% артты.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 615,8 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 3,6% артық.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 625,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 8,4% артық.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,8% құрады.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының көлемі 186,5 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1,9% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 91,4 млрд. жкм құрап, 4,1% артты.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,5% құрады.

2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,3%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 3055,6 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 105,3% құрады (салыстырмалы бағада).

2019 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 6506,6 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108% құрады (салыстырмалы бағада).

2019 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 20361 млн. АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,7% азайды, оның ішінде экспорт – 13313,8 млн. АҚШ долларын (4,3% кем), импорт – 7047,2 млн. АҚШ долларын құрады (2,7% кем).

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 437618 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,4% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 428740 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 292196 құрады, оның ішінде 283758 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы сәуірде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 4,8%, азық-түлік емес тауарларға 1,3% өсті, ал халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1,2% төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы сәуірде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,4% жоғарылады.

Әлеуметтік сектор

2019 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 98566 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы наурызға қарағанда 15% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 9,7% (алдын ала деректер) артты.

2019 жылғы сәуірде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 170087 теңгені құрады.

2019 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы сәуірдің соңына 160,7 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,8%.

 

www.stat.gov.kz/Ресми статистикалық ақпарат/ҚР Әлеуметтік-экономикалық дамуы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекен-жайы:
Айбасова Г.Ғ. Тұрмағанбет Б.Ә. Сандықбаева Аида 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 7172 749551 Тел. +7 7172 749077 Тел. +7 7172 749002 Мәңгілік ел көшесі, 8 үй,
    a.sandikbaeva
@economy.gov.kz
Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter