Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2018 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан Республикасында инфляция 4,6%-ды құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы он бір айда (2018ж. қараша 2017ж. желтоқсанға) – 3,8%, азық-түлік емес тауарларына – 5,9%, ақылы қызметтерге 4,2%-ға өсті.

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
  2018ж. қараша 2018ж.
қаңтар-қараша
2017ж.
қаңтар-қарашаға
2018ж.
қазанға
2017ж.
желтоқсанға
2017ж.
қарашаға
2015ж.
желтоқсанға
Тауарлар мен қызметтер 0,9 4,6 5,3 21,5 6,1
Азық-түлік тауарлары 1,1 3,8 5,0 21,3 5,1
Азық-түлік емес тауарлар 0,8 5,9 6,5 26,3 8,0
Ақылы қызметтер 0,7 4,2 4,5 17,1 5,4

Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. қараша 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі қантқа – 21,2%, қырыққабатқа – 13,3%, мәйекті ірімшікке – 11,3%, консервіленген сүтке – 9,8%, қышқыл сүт өнімдеріне – 6,7%, жаңа сауылған сүтке – 6,6%, сары майға – 8,8%, күнбағыс майына – 6,6%, жұмыртқаға – 3,8%, жылқы етіне – 9,1%-ға, ет өнімдеріне, шұжық өнімдеріне – 6,6%-дан, шошқа етіне – 6,2%, сиыр етіне – 5,9%, қой етіне 5,6%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына 21,1%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге – 8%, құрылыс материалдарына – 7,2%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, киім және аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға – 6,8%-дан, тоқыма бұйымдарына – 6,4%, жеке қолданатын тауарларға – 5,9%, кеңсе тауарларына – 5,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 5,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 4,9%-ды құрады. Дизель отыны – 28,8%, тас көмір – 7,1%, баллондағы сұйытылған газ 6%-ға қымбаттады, ал бензин 2,8%-ға арзандады.

Баға деңгейі кабельдік телевизия қызметтеріне – 11,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 6,7%-ға, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 5,7%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 5,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 4,4%, санаторийлер қызметтеріне 3,6%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 18,7%, темір жол көлігімен – 9%, қалааралық автобус – 7,5%, ішкі қалалық автобуспен 4,9%-ға қымбаттады.

k04-12-2018-2

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2018 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 37,8%, азық–түлік емес тауарлар – 30,1%, ақылы қызметтер – 32,1%–ды құрады.

 

 

 

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистикалық ақпарат > Жедел деректер (жедел ақпарат, бюллетендер) > Бағалар мен тарифтер

Орындаушы: Басқарма басшысы Баспасөз қызметі: Мекенжай:
А. Рашидов Т.М. Демешева А. Е. Сандықбаева 010000,Астана қаласы
Тел.: 8(7172)74-95-36 Тел.: 8(7172)74-90-57 Тел.:8(7172)74-90-02 Сол жағалау, Мәңгілік ел 8
a.rashidov
@economy.gov.kz
  a.sandikbaeva
@economy.gov.kz
Министірліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter