Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ CТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ

Соңғы деректер

 

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

Халық саны (2018 жылдың 1 маусымына, адам)

626 111

Жұмыссыздық деңгейі (2018 жылғы I тоқсандағы, %)

4,9

Орташа айлық жалақы* (2018 жылғы I тоқсандағы, теңге)

279 850

Инфляция (2018 жылғы маусым 2017 жылғы желтоқсанға, %)

3,1

Инфляция (2018 жылғы маусым 2018 жылғы мамырға, %)

0,3

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

Экономикалық салалардың өсу қарқыны (Нақты көлем индексі, %-бен)

Өнеркәсіп (2018 жылғы қаңтар-маусым, 2017 жылғы қаңтар-маусымға, %)

112,6

Ауыл шаруашылығы (2018 жылғы қаңтар-маусым, 2017 жылғы қаңтар-маусымға, %)

102,5

Құрылыс (2018 жылғы қаңтар-маусым, 2017 жылғы қаңтар-маусымға, %)

87,6

Сауда (2018 жылғы қаңтар-маусым, 2017 жылғы қаңтар-маусымға, %)

104,5

Көлік (2018 жылғы қаңтар-маусым, 2017 жылғы қаңтар-маусымға, %)

108,1

Байланыс (2018 жылғы қаңтар-маусым 2017 жылғы қаңтар-маусымға, %)

100,1

  

 

 

Хабарландыру


Атырау облысының Статистика департаменті

2-ШК (тоқсандық) «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» нысаны бойынша арифметикалық – логикалық бақылауды талқылау семинарын өткізеді

Статистика департаментінің 2018 жылға арналған жұмыс Жоспарына сәйкес, 2018 жылғы 20 шілдеде сағат 15-00 де, Құрылымдық  статистика басқармасы «Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп» 2-ШК(тоқсандық) статистикалық нысаны бойынша арифметикалық – логикалық бақылауды талқылау тақырыбында оқу-семинарын өткізеді. Оқу-семинары Атырау облысының Статистика департаментінің мәжіліс залында өтеді.  2-ШК(тоқсандық) есеп-нысанын табыс ететін респонденттерді аталған семинарға қатысуға шақырамыз. Мекен-жайы: Махамбет көшесі, 116-б, 4-қабат, мәжіліс залы, №32 кабинет.

Барлық сұрақтар бойынша  Құрылымдық статистика басқармасына хабарласуға болады.

Басқарма басшысы: Күзембаева Лазгүл Нәбиқызы

Тел: 8 (7122) 323-962

 

Хабарландыру


Жалпы конкурс

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

Атырау облысының Статистика департаменті

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-3 санаты үшін: жоғары білім.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы;

С-О-6 санаты үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-3

123 171

166 529

С-О-6

75 035

101 581

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті» РММ 060007 Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «б», телефон 8(7122)32-42-56 электрондық мекенжайы: atyraustat@bk.ru бос және уақытша бос «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

            1. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (С-О-3), 1 бірлік.

                Функционалдық міндеттері: Салалық басқармалардың жұмыстарын үйлестіру және оның орындалуын бақылау. Басқармада Сапа менеджменті жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Өңірдің әлеуметтік және экономикалық даму процесстерін талдау, жан-жақты және объективті зерттеу, Департаменттен шығатын талдау жұмыстарының, баспасөз-хабарламаларының, статистикалық жинақтардың және өзге де материалдардың уақытылы және сапалы дайындалуын және статистикалық ақпараттардың мемлекеттік органдарға уақытылы таратылуын бақылап отыру. Департаменттің жұмыс жоспарын жасақтау және орындалуын қадағалап отыру. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің, әдіснамалардың, әдістемелердің, әдістемелік нұсқаулардың әзірленетін жобаларына ұсыныстар енгізу. Аудандық статистика басқармаларына статистикалық байқаулардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізуге қатысу. Кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында басқарма қызметкерлерімен оқыту жұмыстарын жүргізу. Алғашқы статистикалық деректердің және әкімшілік деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Статистиканың барлық салалары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жұмысын ұйымдастыру. Департаменттегі мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шаралардың орындалысын қамтамасыз ету. Департаменттің құжат айналымының жұмысын қамтамасыз ету және электронды құжатайналым жұмысын үйлестіру, есептерін қалыптастыруды ұйымдастыру. Ақпараттық қауіпсіздік саясатын жүргізу және ережелерін сақтау жөніндегі шараларды ұйымдастыру. Статистика саласына байланысты өткізілетін семинар-кеңестерге қатысу. Статистикалық ақпараттарды пайдаланушылармен және респонденттермен семинар-кеңестер өткізу. Жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарына мониторинг өткізу. Департаменттің Статистика комитеті интернет-ресурсындағы бөлімінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Департаменттің Сапа менеджменті жөніндегі жауапты ретінде Сапа менеджменті жүйесінің жұмысын үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Департаменттің қорытынды есептерін қалыптастыру, уәкілетті органдарға ұсыну, салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізу.Департамент қызметкерлерінің Мемлекеттік органдардың интранет-порталында жүйелі түрде жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Департаментте өрт қауіпсіздігін тексеруге бағытталған іс-шараларды жүргізу.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, «Технология және техникалық ғылым» саласындағы мамандықтар бойынша: ақпаратты жүйелер, есептеу техникасы, бағдарламалық қамтамасыз ету. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

 

            2. Тіркелімдер басқармасының жетекші маманы (С-О-6, уақытша, 11.09.2020ж. дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген статистикалық жұмыстарды On-Iine бағдарламасында уақытылы және сапалы орындау.                    Е-қызмет, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасай білу. Статистикалық бизнес тіркелімі, Тұрғын үй қоры тіркелімі  ақпараттық жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде жаңғыртып отыру. Әділет органынан түскен электрондық хабарламаларды уақытында өңдеу және бақылап отыру. Ай сайын басқармаларға жеке, салалық каталогтар жасақтап, оларды жинақтап, статистикалық тіркелімге үнемі өзгеріс енгізу. Жеке кәсіпкерлерді статистикалық бизнес тіркелімге енгізу. Барлық әкімшілік дереккөздермен өзара іс-қимыл, статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін олардан әкімшілік деректерді алу, каталогтарды қалыптастыру үшін тізімдерді әзірлеу. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылау жүргізу жұмыстарына қатысу. Статистикалық бизнес тіркелімдегі проблемалы бірліктерді түзету. Қалыптастырылған каталогтар бойынша салалық басқармалардың ескертулерімен жұмыс істеу. Заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкілдіктерді және дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) деректерін өңдеу. Белгіленген тәртіпте салалық каталогтар бойынша өзгерістерді талдау, растау немесе бас тарту. Каталогтарды қалыптастыру үшін тізімдерді әзірлеу. «е-Статистика» ИАЖ «Бір терезеде» есептерді қабылдау» модулі арқылы респонденттермен жұмыс жөніндегі басқармадан алған байланыс мәліметтерін (нақты мекен-жайы, байланыс телефондары, е-mail) өңдеу. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ұйымдастыратын және басқа да өз саласына байланысты өткізілетін семинар-кеңестерге қатысу. БАҚ-мен, мемлекеттік органдармен жұмыс істей білу. Аудандық статистика басқармаларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Белгіленген талаптарға және Қауіпсіздік саясатына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді қоса алғанда, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі  Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған әдістемелік ұсынымдарымен уақытылы танысып, жұмыс бабында кең түрде пайдалану. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада бас маман болмаған жағдайда, оның қызметтік міндетін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

 

            3. Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасының жетекші маманы (С-О-6, уақытша, 02.10.2020ж. дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген статистикалық жұмыстарды On-line бағдарламасында уақытылы және сапалы орындау. Е-қызмет, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасай білу. Инвестиция және құрылыс саласы бойынша статистикалық есептілікті жинау, тексеру, бақылау жасауды жүзеге асыру, біржолғы есеп жүргізу және зерттеу. Инвестиция және құрылыс саласы бойынша статистикалық бюллетеньдерді, жедел-ақпараттарды уақытылы және сапалы дайындау. Статистикалық бизнес тіркелімді жаңғырту, респонденттерді статистикалық байқаумен толық қамту. Өз саласына қатысты ұйымдастырылған семинарлар мен кеңестерге қатысу. Респонденттермен ұсынылатын алғашқы статистикалық деректердің өз уақытында, сапалы және толық болуын бақылау. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін және олардың құрамын білу, сондай-ақ қолданушыға түсіндіре білу. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар-кеңес ұйымдастыруға қатысу. БАҚ-мен, мемлекеттік органдар және респонденттермен жұмыс істей білу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда, олардың қызметтік міндеттерін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

 

            4. Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының жетекші маманы (С-О-6, уақытша, 04.11.2019ж. дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыс жоспарында көрсетілген статистикалық есептерді «Оn-line» бағдарламасында уақытылы және сапалы орындау. «Е-қызмет», ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасай білу. Әлеуметтік және демография статистикасы бойынша статистикалық есептілікті жинау, тексеру және бақылау жасауды жүзеге асыру. Респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Әлеуметтік және демография статистикасы бойынша жедел-ақпараттарды, статистикалық жылнамалықтарды және өзге де материалдарды өз уақытында сапалы дайындау. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар кеңес ұйымдастыру. Басқарманың істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің, Статистика департаментінің және басқа да ұйымдастырылған семинар-кеңестерге қатысу. БАҚ-мен, мемлекеттік органдармен және респонденттермен жұмыс істей білу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада бас маман болмаған жағдайда, оның қызметтік міндетін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

 

            5. Баға статистикасы басқармасының жетекші маманы (С-О-6, бос 1 бірлік және уақытша бос 1 бірлік, 14.10.2020ж. дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 2 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Баға статистикасы бойынша статистикалық жұмыс жоспарында қаралған статистикалық жұмыстарды On-line бағдарламасында жинау және тексеру. Е-қызмет, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасай білу. Сондай-ақ, ауыл (селолық), поселкелік елді мекендердің аумағында орналасқан жеке және заңды тұлғалардың статистикалық мәліметтерін жинау және тексеру. Тұтыну рыногындағы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының бағасын тіркеу. Баға өзгерісін компьютерге енгізу және оларға талдау жасау. Басқармада қалыптастырылатын жарияланымдарды уақытында және сапалы дайындау. БАҚ-мен, мемлекеттік органдар және респонденттермен жұмыс істей білу. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-ресурсында орналастырылған әдістемелік ұсынымдарымен уақытылы танысып, жұмыс бабында кең түрде пайдалану. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда, олардың қызметтік міндеттерін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

 

            6. Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының жетекші маманы (С-О-6, бос 2 бірлік және уақытша бос 2 бірлік, 06.08.2019ж., 07.12.2020ж. дейін негізгі қызметкерлердің болмаған кезеңіне), 4 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген статистикалық жұмыстарды On-line бағдарламасында уақытылы жинау және тексеру. Е-қызмет, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасай білу. Басқарма бойынша статистикалық бюллетендерді, жедел-ақпараттарды, статистикалық жинақтар мен өзге де материалдарды өз уақытында және сапалы дайындау. Статистикалық бизнес тіркелімді жаңғырту, респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Өз саласына қатысты ұйымдастырылған семинарлар мен кеңестерге қатысу. Респонденттермен ұсынылатын алғашқы статистикалық деректердің өз уақытында, сапалы және толық болуын бақылау. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін және олардың құрамын білу, сондай-ақ қолданушыға түсіндіре білу. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар-кеңес ұйымдастыру. БАҚ-мен, мемлекеттік органдар және респонденттермен жұмыс істей білу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда, олардың қызметтік міндеттерін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

 

            7. Құрылымдық статистика басқармасының жетекші маманы (С-О-6, уақытша,  21.01.2021ж. дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген статистикалық жұмыстарды On-line бағдарламасында, уақытылы және сапалы орындау. Е-қызмет, ЭҚАБЖ–мен жұмыс жасай білу. Құрылымдық статистика басқармасы бойынша статистикалық есептілікті жинау, тексеру, бақылау, біржолғы есеп жүргізу және зерттеу. Респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Басқармада қалыптастырылатын жарияланымдарды уақытылы және сапалы дайындау. Каталогтарды үнемі жетілдіріп отыру. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұйымдастыратын және басқа да өз саласына байланысты өткізілетін семинар, кеңестерге қатысу. Мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылатын әдіснемелік ұсынымдармен уақытылы танысып, жұмыс бабында пайдалану. Аудандық статистика басқармаларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. БАҚ-мен, мемлекеттік органдар және респонденттермен жұмыс істей білу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда, олардың қызметтік міндетін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

           

            8. Жылыой ауданының статистика басқармасының жетекші маманы (С-О-6, бос 1 бірлік және уақытша бос 1 бірлік, 05.08.2019ж. дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 2 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыстар жоспарына және басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес жүктелген статистикалық жұмыстарды орындау. Ауданның ауылдық (селолық), поселкелік окруктердегі елді мекендердің аумағында орналасқан жеке және заңды тұлғалардан статистикалық байқауларды сапалы және толық жинау, зерттеулер жүргізу. Әкімшілік дереккөздерге қатысты іріктемелі тексерулерді жүргізу. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, экологиялық даму көрсеткіштерінің құрамы мен маңызын білу, оларды қолданушыларға түсіндіре білу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Басқарманың ішкі құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес іс-жүргізуді жүзеге асыру. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда олардың қызметтік міндеттерін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

 

            9. Махамбет ауданының статистика басқармасының жетекші маманы (С-О-6, уақытша, 23.03.2021ж. дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыстар жоспарына және басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес жүктелген статистикалық жұмыстарды орындау. Респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді жинау. Баға саласы бойынша статистикалық жұмыс жоспарында қаралған статистикалық есепті жинау және тексеру. Тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы мен тарифтерін тіркеу және оларға талдау жасау. Ауданның ауылдық (селолық), поселкелік окруктердегі елді мекендердің аумағында орналасқан жеке және заңды тұлғалардан статистикалық байқауларды сапалы және толық жинау, зерттеулер жүргізу. Әкімшілік дереккөздерге қатысты іріктемелі тексерулерді жүргізу. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, экологиялық даму көрсеткіштерінің құрамы мен маңызын білу, оларды қолданушыларға түсіндіре білу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Басқарманың ішкі құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес іс-жүргізуді жүзеге асыру. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада бас маман болмаған жағдайда оның қызметтік міндеттерін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі. 

            Құжаттарды қабылдау мерзiмi: (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы не              «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3*4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «Б» мекенжайы бойынша Департаменттің ғимаратында өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларында белгіленген параметрлерге сәйкес, Комиссиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

Хабарландыру


Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар, олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сай алғашқы статистикалық деректерді статистика органдарына ұсынуға міндетті.

2018 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспары мен респонденттердің жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық  деректерді ұсыну графигі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайтының (www.stat.gov.kz) "Негізгі" бетіндегі "негізгі құжаттар" айдарында электронды түрде қол жетімді. Сонымен қатар, статистика органдарына тапсыру үшін жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың тізбесін сайттың "Жеке кабинет" айдарынан немесе "Респонденттің кабинеті" бөлімінен тіркеусіз алуға болады.

"Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау" АЖ-нің енгізілуіне байланысты респонденттерге есептілікті электрондық түрде тапсыру мүмкіндігі берілді. Қазіргі таңда 130-дан астам статистикалық есептілік онлайн режимінде ұсынуға қол жетімді. Бұл жүйе респонденттерге статистика органдарына келмей, статистикалық есептерді электронды түрде тапсыруға, яғни респонденттерге түсетін жүктемені азайтуға, уақытты, қаржылық, еңбек және көліктік шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Респонденттер тарапынан алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі бұзылған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабына сәйкес төмендегідей әкімшілік жаза қолдану көзделгендігін сіздердің назарларыңызға береміз.

Анық емес алғашқы статистикалық деректер ұсынылған жағдайда ескерту беріледі, ал алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда:

жеке тұлғаларға - 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш);

лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 14 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 20 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 20 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 120 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. 

Ескертпе:

2018 жылға айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2405 теңге құрайлы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті Атырау облысының статистика департаменті.  

    
Хабарландыру


ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Атырау облысы бойынша Филиалы (бұдан әрі – АЕО РМК Филиалы) халыққа іріктеме зерттеуді ай сайын өткізеді, бұл Атырау облысындағы жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықтың өзекті мәселелерін зерттеуге көмектеседі.

Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.

Сіздердің жауаптарыңыз жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар саны, жұмысқа орналасудың түйінді мәселелері, жұмыс іздеу тәсілдері туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жұмыспен қамту мен аймақтардың әлеуметтік дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін жиынтық күйінде пайдаланылады.

Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары көше аттары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Тізілімнен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынды.

Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сізге нақты апта ішінде еңбек қызметіңізге қатысы бар бірқатар сұрақтар қойылады: сіз қандай жұмыс атқардыңыз, қанша сағат істедіңіз, егер жұмыс істемесеңіз, оған қандай себеп болды.

Сіз қазіргі кезде жұмыс істемесеңіз де, бұл шараға қатысуыңыздың маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты.

Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы анықтама көрсетеді. Оның келу уақытын "ҚР ҰЭМ СК АЕО" ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша Филиалының жұмыс уақыты кестесінен нақты білуге болады.

Сіз 8 (7122) 32-39-73 байланыс телефондары арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Интервьюерлер тізімі  

 

 Іріктемелер


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2017 жылға (жылдық) 1-ТЭБ нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі

2017 жылға (жылдық) 6-ТП нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі

2017 жылға (жылдық) 3-информ нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі

2017 жылға (жылдық) 1-ВТ " Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп " бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі

2017 жылға 2-қызмет нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі

2017 жылға (жылдық) 1-инновация нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter