Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ CТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша соңғы деректер


Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер
Халық (2019 жылғы 1 сәірге, мың адам)

1 089,9

Жұмыссыздық деңгейі (2019 жылғы I тоқсан, %, бағалау) 4,5
Орташа айлық жалақы бағалау бойынша* (2019 жылғы I тоқсан, теңге) 233 466
Инфляция (2019 жылғы сәуір 2019 жылғы наурызға, %) 0,7
Инфляция (2019 жылғы сәуір 2018 жылғы желтоқсанға, %) 2,0
ЖӨӨ (2018 жылға, алдын ала деректер, %) 97,0
 Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (2019 жылғы қаңтар-сәуір 2018 жылғы қаңтар-сәуірге, %) 103,0
 
Экономикалық салалардың өсу қарқыны
(Нақты көлем индексі, %-бен)
Өнеркәсіп (2019 жылғы қаңтар-сәуір 2018 жылғы қаңтар-сәуірге,%) 114,6
Ауыл шаруашылығы (2019 жылғы қаңтар-сәуір 2018 жылғы қаңтар-сәуірге,%) 98,0
Құрылыс (2019 жылғы қаңтар-сәуір 2018 жылғы қаңтар-сәуірге,%) 59,4
Сауда (2019 жылғы қаңтар-сәуір 2018 жылғы қаңтар-сәуірге,%) 109,5
Көлік (2019 жылғы қаңтар-сәуір 2018 жылғы қаңтар-сәуірге,%) 100,1
Байланыс (2019 жылғы қаңтар-сәуір 2018 жылғы қаңтарға-сәуірге,%) 109,9

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

 

Негізгі құжаттар


Статистикалық жұмыстардың 2019 жылға арналған жоспары Ресми статистикалық ақпаратты таратудың 2019 жылға арналған кестесі
2019 жылға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесі Астана қаласы статистика департаментінің 2019 жылғы семинарлар жоспары
Астана қаласы статистика департаментінің 2019 жылы жариялайтын статистикалық материалдарының тізбесі Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары

 

Хабарландыру


ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті (бұдан әрі - Департамент) халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейін анықтау мақсаты болып табылатын іріктемелі зерттеуді өткізеді.
Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарда пайдаланылатынына кепілдік береміз.
Сіздердің жауаптарыңыз тек жиынтық статистикалық бағалау үшін қолданылады. Жиынтық түрде бұл деректер біздің республикамыздың азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеуге және де құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша нақты шаралар қабылдауға пайдалы болады.
Зерттеуге қатысушы ретінде Сіз мүлде кездейсоқ таңдап алындыңыз, өйткені статистикалық дерекқорынан математикалық, кездейсоқ әдіспен жүргізілді.
Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сізге құқық қорғау органдарының қызметі, өз қауіпсіздігіңізді және өз тұратын ауданыңыздағы қылмыстылықтың жағдайына қатысы бар бірқатар сұрақтар қойылады.
Біз пікіртерімге өзіңіздің бос уақытыңыздың бір бөлігін бөлетініңізді түсінеміз және Сізге зерттеуге көмектескеңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі және құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша мемлекет саясатының тиімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты.
Сауалнамалық пікіртерім жүргізу үшін 2019 жылғы 13 мамыр мен 22 маусым аралығында Сізге жолығып, арнайы куәлігін көрсетіп интервьюер келеді. Оның келу уақытын статистика органдарынан нақты білуге болады.
Сіз Департаментке байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя аласыз.

Телефондар32-82-05, 32-67-51.

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!
 


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті 2019 жылға тұрмыс деңгейін бағалау жөнінде үй шаруашылықтарына зерттеу жүргізу бойынша интервьюерлердің бос орнына 1 адам  қабылдайтыны туралы конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысушылардың бәріне қойылатын жалпы біліктілік талаптар: жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз, жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіби орта) немесе жалпы орта білім.

Жұмыс өтілі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:
1) Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш (нысан қоса беріледі)
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі
3) Білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмесі

Интервьюерлердің міндеттері:
1) сауал салуға келісімін алу үшін респондентпен байланыс орнату;
2) интервьюердің бағдар парағы бойынша респондентке бару арқылы статистикалық байқауларды жүргізу;
3) тиісті есепті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген мерзімде аумақтық органға статистикалық байқаулар қорытындылары бойынша толтырылған статистикалық нысанды ұсыну;
4) сауал салуды жүргізу туралы есеп бланкісін жасау.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші адам «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті» РММ мемлекеттік органына, Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 22 мекенжайына қолма-қол құжаттарын тапсырады, телефондары: 8(7172) 32-19-88, 41-28-26.


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті «Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік білдіру деңгейі» (2019 жылғы 13 мамыр мен 22 маусым аралығында) іріктеп зерттеу өткізу үшін 11 адам интервьюер қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз, жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіби орта) немесе жалпы орта білім.

Интервьюерлердің міндеттері:
1) сауал салуға келісімін алу үшін респондентпен байланыс орнату;
2) интервьюердің бағдар парағы бойынша респондентке бару арқылы статистикалық байқауларды жүргізу;
3) тиісті есепті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген мерзімде аумақтық органға статистикалық байқаулар қорытындылары бойынша толтырылған статистикалық нысанды ұсыну;
4) сауал салуды жүргізу туралы есеп бланкісін жасау;
5) бағдар парағын ұсыну.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті» РММ (010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 22, телефондары: 8(7172) 31-95-94, 31-62-53.


 ҚҰРМЕТТІ РЕСПОНДЕНТТЕР!

Онлайн режимінде есептерді тапсыру кезінде Респондент кабинетіндегі http://cabinet.stat.gov.kz тікелей сілтемені қолдануды ұсынамыз.
Статистикалық есептерді тапсыру мәселесі бойынша 8(7172) 31-62-51, 32-67-52, 53-38-68 телефондары бойынша хабарласыңыз.
Заңды тұлғалардың қызмет түрлерін, мөлшерлілігін ауыстыру туралы 8(7172) 41-28-16, 32-19-86 телефондары бойынша хабарласыңыз.
 


ҚҰРМЕТТІ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ЖӘНЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР!!!!

  Астана қаласының Статистика департаменті «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде статистикалық есептерді белгіленген мерзімде тапсырмаған респонденттердің (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің) атына келмей-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асыру бөлігінде табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс бұзушылықтарды жою туралы қорытынды жіберілетін болады.

  Респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау уәкілетті органға әкімшілік іс жүргізуді қозғау құқығын береді (Заңның 12-2-бабы 11-тармағы).

Осыған байланысты, Сізден уақытылы және тиісінше жеткізу, хабарлама алу мақсатында статистикалық нысандарды толтыру кезінде мекенжай бөлігін орынды, анық және барынша толық толтыруды сұраймыз. Респонденттің, яғни заңды тұлғаның, ұйымның ұялы телефонының абоненттік нөмірін және электрондық поштасының бірыңғай ресми мекенжайын көрсету қажет. 

Сіздерге сапалы және дұрыс статистикалық ақпаратты қалыптастыру және дамытуға қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз!
 


ҚҰРМЕТТІ РЕСПОНДЕТТЕР!

1-ТС «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда туралы есеп» статистикалық нысанын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен экспорт және (немесе) импортты жүзеге асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар ұсынатынын хабарлаймыз.Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 3- күнге (қоса алғанда) дейін.

Барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден өтініп сұраймыз: егер сіз Салық комитетіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен (Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан) экспорт және (немесе) импортты жүзеге асырғаныңыз туралы ақпаратты ұсынған болсаңыз, Астана қаласы Статистика департаментіне 1-ТС нысанын тапсыру қажет екенін ескертеміз.

Статистикалық нысандарды мерзімінде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.Сіз қажетті сұрақтар бойынша 316273, 412957 телефондарына хабарласа аласыз.  


 ҚҰРМЕТТІ РЕСПОНДЕНТТЕР !

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Астана қаласының Статистика департаменті» РММ респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес респонденттерден статистикалық нысандарды уақтылы тапсыруды сұрайды.

Алғашқы статистикалық деректерді уақтылы, сондай-ақ мүлдем ұсынбау алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодекстің 497-бабына сәйкес жазалауға әкеп соғады.

1.Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі

2.Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік


ҚҰРМЕТТІ РЕСПОНДЕНТТЕР !

Астана қ. Статистика департаментінде (Респондеттермен жұмыс жасау басқармасы, Астана қ, Желтоқсан к-сі 22, 107 каб) 2014 жылғы 10 сәуірден бастап респонденттермен онлайн режимінде статистикалық есептілікті тапсыру үшін компьютерлер орнатылды. Астана қ. Статистика департаментінде онлайн режимінде есептерді тапсырғысы келген респонденттерде флеш-сақтаушыда заңды тұлғалардың ЭСҚ болуы керек.  Телефондар: 8(7172) 31-62-51, 32-67-75.  


ҚҰРМЕТТІ РЕСПОНДЕНТТЕР !

 Астана қаласының Статистика департаменті тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 4-не дейін «Орындалған құрылыс жұмыстары (қызметтері) туралы есеп» 1КС (шағын) - тоқсандық статистикалық нысанды тапсыру қажеттілігі  туралы мәліметті Сіздің есіңізге салады. Құрамында 100-ге дейін адамы бар «Құрылыс» (ЭҚЖЖ 41-43) негізгі және екінші қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар есепті тапсырады.

Байланыс телефондары - 32-08-57, 32-42-10 

 


ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

               Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Астана қаласының Статистика департаменті халыққа іріктеме зерттеуді ай сайын өткізеді, бұл Астана қаласындағы жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықтың өзекті мәселелерін зерттеуге көмектеседі.

           Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.
           Сіздердің жауаптарыңыз жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар саны, жұмысқа орналасудың түйінді мәселелері, жұмыс іздеу тәсілдері туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жұмыспен қамту мен аймақтардың әлеуметтік дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін жиынтық күйінде пайдаланылады.
           Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары көше аттары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Тізілімнен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынды.
           Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сізге нақты апта ішінде еңбек қызметіңізге қатысы бар бірқатар сұрақтар қойылады: сіз қандай жұмыс атқардыңыз, қанша сағат істедіңіз, егер жұмыс істемесеңіз, оған қандай себеп болды.
           Сіз қазіргі кезде жұмыс істемесеңіз де, бұл шараға қатысуыңыздың маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты.
Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы анықтама көрсетеді. Оның келу уақытын «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» статистикалық нысанын тапсыру графигіне сәйкес кестесінен нақты білуге болады.
           Сіз 31-62-72 байланыс телефондары арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.

 Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Интервьюерлер тізімі
 


ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Мемлекеттік статистика органдары республикадағы халықтың тұрмыс деңгейін білуге көмектесетін халықты іріктеме зерттеуді тоқсан сайын өткізеді.

Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.

Сіздердің жауаптарыңыз елдегі халықтың және өңірлер бойынша кедейшілік деңгейін, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының тиімділігі туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жиынтық күйінде халықты әлеуметтік қорғау саласында дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады. Зерттеу барысында алынған ақпарат біздер үшін жарқын келешекті жоспарлауға  қажет!

Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары көше аттары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Тізілімнен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынған болатын.

Қазақстан Республикасының барық өңірлерінен кездейсоқ таңдап алынған 12 мың отбасынан 40 мыңнан аса адам осы зерттеуге қатысады.

Зерттеуге қатысатын отбасыларына тоқсан сайын екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы (10% табыс салығы мен Қазпошта (банк) комиссиялық алымдарын шегергенде) төленеді.

Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Зерттеу сұрақтарына жауап беру үшін ешқандай құжаттар талап етілмейді, біз Сіздердің сөздеріңізге сенеміз.Сіздердің қатысуларыңыз өте маңызды, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі анық жауаптарыңызға байланысты.

Зерттеуді жүргізу үшін интервьюер Сізге жолығып, арнаулы куәлігін көрсетеді.Сіз облыстық статистика департаментіне байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.

Телефон  32-19-88,  41-28-26

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Интервьюерлер тізімі


 

Іріктемелер


2019 жылғы сәуір айындағы 2-T (Еңбекақы) "Құрылымы және жалақыны бөлу туралы есеп" нысаны бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 31.05.2019 жылға дейін (қоса есептегенде).

2018 жылғы "Отын-энергетикалық баланс" 1-ТЭБ (жылдық) нысанын тапсыратын ұйымдар тізімі. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.03.2019 жылға дейін.

2018 жылғы 2-МП "Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп" бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 31.03.2019 жылға дейін.

2019 жылғы I тоқсанға 2-МП "Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп" бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.04.2019 жылға дейін.

2019 жылғы сәуір айындағы 2-сауда "Тауарларды өткізу туралы есеп" бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 03.05.2019 жылға дейін.

2019 жылғы I тоқсанға КП-001 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.03.2019ж. дейін.

2019 жылғы I тоқсанға КТР-1 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.03.2019ж. дейін.

2019 жылғы I тоқсанға КТУ-001 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.03.2019ж. дейін.

2019 жылғы I тоқсанға КТ-001 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.03.2019ж. дейін.

2019 жылғы I тоқсанға КС-002 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.03.2019ж. дейін.

2019 жылғы I тоқсанға КСВ-1 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.03.2019ж. дейін.

2018 жылғы 1-инновация "Инновациялық қызмет туралы есеп" нысаны бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.02.2019 жылға дейін.

2018 жылғы 3-информ "Кәсіпорындар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп" нысаны бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 19.01.2019 жылға дейін. 

2019 жылғы I тоқсандағы 2-қызмет көрсету  "Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп" нысаны бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.04.2019 жылға дейін (қоса есептегенде). 

2018 жылғы 2-қызмет көрсету  "Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп" нысаны бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 30.03.2019 жылға дейін (қоса есептегенде).

2018 жылғы 1-ВТ "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" нысаны бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 15.03.2019 жылға дейін (қоса есептегенде).

2019 жылғы I тоқсандағы 1-T "Еңбек бойынша есеп" нысаны бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 10.04.2019 жылға дейін (қоса есептегенде).

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter