Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ CТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ

Астана қаласы бойынша соңғы деректер


Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер
Халық (2018 жылғы 1 тамызға, мың адам)

1 051,2

Жұмыссыздық деңгейі (2018 жылғы II тоқсан, %, бағалау) 4,5
Орташа айлық жалақы бағалау бойынша* (2018 жылғы II тоқсан, теңге) 241 280
Инфляция (2018 жылғы тамыз 2018 жылғы шілдеге, %) 0,0
Инфляция (2018 жылғы тамыз 2017 жылғы желтоқсанға, %) 3,2
ЖӨӨ (2018 жылғы I тоқсан 2017 жылғы  I тоқсанға, %) 97,0
 Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (2018 жылғы қаңтар-тамыз 2017 жылғы қаңтар-тамызға, %) 92,8
 
Экономикалық салалардың өсу қарқыны
(Нақты көлем индексі, %-бен)
Өнеркәсіп (2018 жылғы қаңтар-тамыз 2017 жылғы қаңтар-тамызға,%) 102,6
Ауыл шаруашылығы (2018 жылғы қаңтар-тамыз 2017 жылғы қаңтар-тамызға,%) 98,4
Құрылыс (2018 жылғы қаңтар-тамыз 2017 жылғы қаңтар-тамызға,%) 78,3
Сауда (2018 жылғы қаңтар-тамыз 2017 жылғы қаңтар-тамызға,%) 106,0
Көлік (2018 жылғы қаңтар-тамыз 2017 жылғы қаңтар-тамызға,%) 100,1
Байланыс (2018 жылғы қаңтар-тамыз 2017 жылғы қаңтар-тамызға,%) 120,6

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

 

Негізгі құжаттар


Статистикалық жұмыстардың 2018 жылға арналған жоспары Ресми статистикалық ақпаратты таратудың 2018 жылға арналған кестесі
2018 жылға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесі Астана қаласы статистика департаментінің 2018 жылғы семинарлар жоспары
Астана қаласы статистика департаментінің 2018 жылы жариялайтын статистикалық материалдарының тізбесі  

 

Хабарландыру

___________________________________________________________________________________________________________________

Әр азамат Қазақстан үшін маңызды!

2019 жылғы қараша айында біздің елімізге маңызды шара – халық санағы өткізілетіні туралы хабарлайды. Санақ екі әдіс арқылы, қазіргі ақпараттық технологияларды қолдануымен, яғни «Интернет» желін және портативті-есептеу құрылғыларын (планшеттерді) қолдануымен өткізу арқылы жоспарланған. Біздің елімізде жаңа IT-технологияларын пайдалану арқылы халық санағын жүргізу әдісі алғаш рет жоспарланып отыр.
Санақ екі кезеңде өтеді. Біріншісі – 2019 жылдың маусым айында. Алғашқы кезеңде сұхбаткерлер-тіркеушілер өздерінің учаскелеріне шығып, тұрғын үйлер, ғимараттар, тұрмыстық үй-жайлар, тұрғын үйлерде тұратын адамдардың санын жинайды. Екінші кезең 2019 жылдың қараша айында өтеді. 1 - 10 қараша аралығында азаматтар өздері арнайы сайт арқылы сауалнама жүргізе алады. Қараша айының 11-нен 30-на дейін сұхбаткерлер-есепшілер планшет арқылы көше бойы мен әр үй басына сауалнама жүргізеді.
Астана қаласының тұрғындарынан сұхбат алуға 1500-ден астам адам қатысады. Соның ішінде еріктілер мен «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Әр сұхбат алушы үшін тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген куәлік фотосуретімен беріледі. Кез келген респондент оның жеке куәлігін тексере алады.
Қазақстанның халық санағына қатысқысы келген адам Астана қаласының Cтатистика департаментіне өтініш білдіруіне болады.

 


ҚҰРМЕТТІ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ЖӘНЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР!!!!

Астана қаласының Статистика департаменті «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде статистикалық есептерді белгіленген мерзімде тапсырмаған респонденттердің (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің) атына келмей-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асыру бөлігінде табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс бұзушылықтарды жою туралы қорытынды жіберілетін болады.

Респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау уәкілетті органға әкімшілік іс жүргізуді қозғау құқығын береді (Заңның 12-2-бабы 11-тармағы).

Осыған байланысты, Сізден уақытылы және тиісінше жеткізу, хабарлама алу мақсатында статистикалық нысандарды толтыру кезінде мекенжай бөлігін орынды, анық және барынша толық толтыруды сұраймыз. Респонденттің, яғни заңды тұлғаның, ұйымның ұялы телефонының абоненттік нөмірін және электрондық поштасының бірыңғай ресми мекенжайын көрсету қажет. 

Сіздерге сапалы және дұрыс статистикалық ақпаратты қалыптастыру және дамытуға қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз!
 


ҚҰРМЕТТІ ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Астана қаласының Статистика департаменті 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап келісім-шарт негізінде 2 жылдық мерзімге Ұлттық санақты жүргізу және дайындау бөліміне штаттан тыс қызметкерлерді (бөлім басшысы санаты - С-1, мамандар санаты - С-2 және С-3) жұмысқа қабылдайтындығын ХАБАРЛАЙДЫ.

          С-1 санаты үшін: Жоғары білім;
          1. Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бөлімінің басшысы (санаты - С-1, 1 адам)
          Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
         білімі жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім бойынша мамандығы - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология мамандықтары бойынша (ақпараттық жүйелер, тізімделген техника және бағдарламалық қамтамасыз ету) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

          С-2, С-3 санаттары үшін: Жоғары білім;
          2. Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушы (санаты - С-2, 2 адам, санаты – С-3, 3 адам)
          Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
          әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.

            «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Астана қаласының Статистика департаменті» РММ (010000 Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 22, телефондары: 8(7172) 31-95-94, 31-62-53.


ҚҰРМЕТТІ РЕСПОНДЕТТЕР!

1-ТС «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда туралы есеп» статистикалық нысанын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен экспорт және (немесе) импортты жүзеге асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар ұсынатынын хабарлаймыз.Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 3- күнге (қоса алғанда) дейін.

Барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден өтініп сұраймыз: егер сіз Салық комитетіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен (Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан) экспорт және (немесе) импортты жүзеге асырғаныңыз туралы ақпаратты ұсынған болсаңыз, Астана қаласы Статистика департаментіне 1-ТС нысанын тапсыру қажет екенін ескертеміз.

Статистикалық нысандарды мерзімінде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.Сіз қажетті сұрақтар бойынша 316273, 412957 телефондарына хабарласа аласыз.  

__________________________________________________________________________________________________________________

 ҚҰРМЕТТІ РЕСПОНДЕНТТЕР !

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Астана қаласының Статистика департаменті» РММ респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес респонденттерден статистикалық нысандарды уақтылы тапсыруды сұрайды.

Алғашқы статистикалық деректерді уақтылы, сондай-ақ мүлдем ұсынбау алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодекстің 497-бабына сәйкес жазалауға әкеп соғады.

1.Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі

2.Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік

___________________________________________________________________________________________________________________

ҚҰРМЕТТІ РЕСПОНДЕНТТЕР !

Астана қ. Статистика департаментінде (Респондеттермен жұмыс жасау басқармасы, Астана қ, Желтоқсан к-сі 22, 107 каб) 2014 жылғы 10 сәуірден бастап респонденттермен он-лайн режимінде статистикалық есептілікті тапсыру үшін компьютерлер орнатылды. Астана қ. Статистика департаментінде онлайн режимінде есептерді тапсырғысы келген респонденттерде флеш-сақтаушыда заңды тұлғалардың ЭСҚ болуы керек.  Телефондар: 8(7172) 31-62-51, 32-67-75.  


ҚҰРМЕТТІ РЕСПОНДЕНТТЕР !

 Астана қаласының Статистика департаменті тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 4-не дейін «Орындалған құрылыс жұмыстары (қызметтері) туралы есеп» 1КС (шағын) - тоқсандық статистикалық нысанды тапсыру қажеттілігі  туралы мәліметті Сіздің есіңізге салады. Құрамында 100-ге дейін адамы бар «Құрылыс» (ЭҚЖЖ 41-43) негізгі және екінші қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар есепті тапсырады.

Байланыс телефондары - 32-08-57, 32-42-10 

 


ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Астана қаласы бойынша Филиалы (бұдан әрі – АЕО РМК Филиалы) халыққа іріктеме зерттеуді ай сайын өткізеді, бұл Астана қаласындағы жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықтың өзекті мәселелерін зерттеуге көмектеседі.

Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.

Сіздердің жауаптарыңыз жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар саны, жұмысқа орналасудың түйінді мәселелері, жұмыс іздеу тәсілдері туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жұмыспен қамту мен аймақтардың әлеуметтік дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін жиынтық күйінде пайдаланылады.

Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары көше аттары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Тізілімнен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынды.

Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сізге нақты апта ішінде еңбек қызметіңізге қатысы бар бірқатар сұрақтар қойылады: сіз қандай жұмыс атқардыңыз, қанша сағат істедіңіз, егер жұмыс істемесеңіз, оған қандай себеп болды.

Сіз қазіргі кезде жұмыс істемесеңіз де, бұл шараға қатысуыңыздың маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты.

Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы анықтама көрсетеді. Оның келу уақытын "ҚР ҰЭМ СК АЕО" ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша Филиалының жұмыс уақыты кестесінен нақты білуге болады.

Сіз 31-62-72 байланыс телефондары арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.

 Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Интервьюерлер тізімі
 


ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Мемлекеттік статистика органдары республикадағы халықтың тұрмыс деңгейін білуге көмектесетін халықты іріктеме зерттеуді тоқсан сайын өткізеді.

Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.

Сіздердің жауаптарыңыз елдегі халықтың және өңірлер бойынша кедейшілік деңгейін, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының тиімділігі туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жиынтық күйінде халықты әлеуметтік қорғау саласында дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады. Зерттеу барысында алынған ақпарат біздер үшін жарқын келешекті жоспарлауға  қажет!

Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары көше аттары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Тізілімнен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынған болатын.

Қазақстан Республикасының барық өңірлерінен кездейсоқ таңдап алынған 12 мың отбасынан 40 мыңнан аса адам осы зерттеуге қатысады.

Зерттеуге қатысатын отбасыларына тоқсан сайын бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы 10% табыс салығы мен Қазпошта (банк) комиссиялық алымдарын шегергенде) төленеді.

Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Зерттеу сұрақтарына жауап беру үшін ешқандай құжаттар талап етілмейді, біз Сіздердің сөздеріңізге сенеміз.Сіздердің қатысуларыңыз өте маңызды, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі анық жауаптарыңызға байланысты.

Зерттеуді жүргізу үшін интервьюер Сізге жолығып, арнаулы куәлігін көрсетеді.Сіз облыстық статистика департаментіне байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.

Телефон  32-19-88,  41-28-26

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Интервьюерлер тізімі


 

Іріктемелер


2018 жылғы 3-тоқсанға КП-001 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.10.2018ж. дейін.

2018 жылғы 3-тоқсанға КТР-1 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.10.2018ж. дейін.

2018 жылғы 3-тоқсанға КТУ-001 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.10.2018ж. дейін.

2018 жылғы 3-тоқсанға КТ-001 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.10.2018ж. дейін.

2018 жылғы 3-тоқсанға КС-002 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.10.2018ж. дейін.

2018 жылғы 3-тоқсанға КСВ-1 конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.10.2018ж. дейін.

2018 жылғы тамыз айындағы 2- сауда "Тауарларды өткізу туралы есеп" бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 03.09.2018 жылға дейін.

2018 жылғы 2-тоқсандағы 2-ШК "Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп" нысаны бойынша іріктеме. Респонденттердің есеп тапсыру мерзімі 25.07.2018 жылға дейін (қоса есептегенде).

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter