Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Статистикалық бизнес-тіркелімде тіркелген Астананың заңды тұлғалары туралы

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Астананың жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларының саны 44766 бірлікті құрады. Олардың саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5321 субъектіге немесе 11,9%-ға өсті.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде 98,3%-ы шағын, 1%-ы орта және 0,7%-ы ірі болып табылады. Меншікті  салмаққа сәйкес, олардың саны қаланың аудандары бойынша келесі тәртіпте бөлінді: «Алматы» - 28%, «Есіл» - 24,1% «Сарыарқа» - 25,7%, «Байқоңыр» - 22,2%.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ең көп саны - 28,2%-ы - сауда, 18,5%-ы - құрылыс, 10,6%-ы - өзге де қызметтерді көрсету, 7,8%-ы - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, 5,2%-ы - өнеркәсіп саласында, 5,1%-ы - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте шоғырланған.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі бөлігі - 92,5%-ы шаруашылық серіктестіктері нысанында тіркелген. Қоғамдық, діни бірлестіктер мен қорлардың үлесіне жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 3%-ы, мекемелерге - 1,3%-ы, тұтыну кооперативтеріне - 1,1%-ы, заңды тұлғалар бірлестіктеріне - 0,7%-ы, мемлекеттік кәсіпорындарға - 0,6%-ы, акционерлік қоғамдарға - 0,5%-ы, өндірістік кооперативтерге - 0,1%-ы келеді, коммерциялық емес ұйымдардың өзге ұйымдық-құқықтық нысандары - 0,2%.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 69,2%, әйелдер 30,8%-ды құрайды.    Жылдың басына олардың үлесі келесі арақатынаста анықталды: ерлер - 69,2%, әйелдер - 30,8%.
Әйелдер басшы болып табылатын, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі экономикалық қызмет түрлері:
- білім беру - 61,3%;
- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетулер - 50,5%;
- тұру мен тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер - 42,6%;
- қаржылық және сақтандыру қызметі  41%;
- жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар - 37,6%;
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 36,9%.
2019 жылғы қаңтар айында статистикалық бизнес-тіркелімге сәйкес, алғашқы тіркеуден өткен субъектілер саны 757 бірлікке толықтырылды. Сонымен қатар, сәйкес кезеңде таратылған субъектілер саны - 144.

Баспасөз хабарламасы

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter