Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Статистикалық бизнес-тіркелімде тіркелген Астананың заңды тұлғалары туралы

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Астананың жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларының саны 43274 бірлікті құрады. Олардың саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6428 субъектіге немесе 14,9%-ға өсті.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде 98,2%-ы шағын, 1,1%-ы орта және 0,7%-ы ірі болып табылады. Меншікті  салмаққа сәйкес, олардың саны қаланың аудандары бойынша келесі тәртіпте бөлінді: «Алматы» - 27,7%, «Сарыарқа» - 26,1%, «Байқоңыр» - 23%, «Есіл» - 23,2%.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ең көп саны - 28,1%-ы - сауда, 19%-ы - құрылыс, 10,6%-ы - өзге де қызметтерді көрсету, 7,6%-ы - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, 5,5%-ы - өнеркәсіп саласында, 5%-ы - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте шоғырланған.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі бөлігі - 92,4%-ы шаруашылық серіктестіктері нысанында тіркелген. Қоғамдық, діни бірлестіктер мен қорлардың үлесіне жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 3%-ы, мекемелерге - 1,4%-ы, тұтыну кооперативтеріне - 1,1%-ы, заңды тұлғалар бірлестіктеріне - 0,8%-ы, мемлекеттік кәсіпорындарға - 0,6%-ы, акционерлік қоғамдарға - 0,5%-ы, өндірістік кооперативтерге - 0,1%-ы келеді, коммерциялық емес ұйымдардың өзге ұйымдық-құқықтық нысандары - 0,1%.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 69,4%, әйелдер 30,6%-ды құрайды.    Жылдың басына олардың үлесі келесі арақатынаста анықталды: ерлер - 70,3%, әйелдер - 29,7%.

Әйелдер басшы болып табылатын, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі экономикалық қызмет түрлері:

- білім беру - 60,5%;

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетулер - 50,9%;

- тұру мен тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер - 43,1%;

- қаржылық және сақтандыру қызметі - 41,1%;

- жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар - 37,1%;

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 36,8%.

2018 жылғы қыркүйек айында статистикалық бизнес-тіркелім алғашқы тіркеуден өткен заңды тұлғалармен 700 субъектіге толықтырылды. Сонымен қатар, сәйкес кезеңде таратылған субъектілер саны - 95.

 

Баспасөз хабарламасы

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter