Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Статистикалық бизнес-тіркелімде тіркелген Астана қаласының заңды тұлғалары туралы

2017 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша Астана қаласының жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларының саны 36,5 мың бірлікті құрады. Олардың саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4140 субъектіге немесе 12,8%-ға өсті.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде 97,9%-ы шағын, 1,4%-ы орта және 0,7%-ы ірі болып табылады. Олардың негізгі саны - 49,3%-ы «Алматы» және 30%-ы «Сарыарқа» аудандарында шоғырланған. «Есіл» ауданы бойынша үлес салмағы - 20,7%.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ең көп саны - 25,7%-ы - сауда, 21,7%-ы - құрылыс, 9,9%-ы - өзге де қызметтерді көрсету, 7,7%-ы - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, 5,6%-ы - өнеркәсіп саласында, 5,3%-ы - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте шоғырланған.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі бөлігі - 92,1%-ы шаруашылық серіктестіктері нысанында тіркелген. Қоғамдық, діни бірлестіктер мен қорлардың үлесіне жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 2,9%-ы, мекемелерге - 1,6%-ы, тұтыну кооперативтеріне - 1,3%-ы, мемлекеттік кәсіпорындарға - 0,7%-ы, заңды тұлғалар бірлестіктеріне - 0,7%-ы, акционерлік қоғамдарға - 0,6%-ы, өндірістік кооперативтерге - 0,1%-ы келеді.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 70,8%, әйелдер 29,2 %-ды құрайды.    Ағымдағы жылдың басына олардың үлесі келесі арақатынаста анықталды: ерлер - 71,9%, әйелдер - 28,1%.

Әйелдер басшы болып табылатын, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі экономикалық қызмет түрлері:

- білім беру – 61,1%;

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетулер – 50,9%;

- тұру мен тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер - 44%;

- қаржылық және сақтандыру қызметі - 42,4%;

- жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар - 37,8%;

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 37,1%.

2017 жылдың шілде айында статистикалық бизнес-тіркелім бастапқы тіркеуден өткен заңды тұлғалармен 649 субъектіге толықтырылды. Сонымен қатар, сәйкес кезеңде таратылған субъектілер саны - 67.

 

Баспасөз хабарламасы

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter