Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Статистикалық бизнес-тіркелімде тіркелген Астананың заңды тұлғалары туралы

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Астананың жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларының саны 40081 бірлікті құрады. Олардың саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4 375 субъектіге немесе 12,3%-ға өсті.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде 98,2%-ы шағын, 1,1%-ы орта және 0,7%-ы ірі болып табылады. Олардың негізгі саны - 49,2%-ы «Алматы» және 28,9%-ы «Сарыарқа» аудандарында шоғырланған. «Есіл» ауданы бойынша үлес салмағы - 21,9%.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ең көп саны - 27,4%-ы - сауда, 20,1%-ы - құрылыс, 10,3%-ы - өзге де қызметтерді көрсету, 7,5%-ы - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, 5,3%-ы - өнеркәсіп саласында, 5,2%-ы - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте шоғырланған.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі бөлігі - 92,3%-ы шаруашылық серіктестіктері нысанында тіркелген. Қоғамдық, діни бірлестіктер мен қорлардың үлесіне жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 3%-ы, мекемелерге - 1,5%-ы, тұтыну кооперативтеріне - 1,2%-ы, заңды тұлғалар бірлестіктеріне - 0,7%-ы, мемлекеттік кәсіпорындарға - 0,6%-ы, акционерлік қоғамдарға - 0,5%-ы, өндірістік кооперативтерге - 0,1%-ы келеді, коммерциялық емес ұйымдардың өзге ұйымдық-құқықтық нысандары - 0,1%.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 70,1%, әйелдер 29,9%-ды құрайды.    Жылдың басына олардың үлесі келесі арақатынаста анықталды: ерлер - 70,3%, әйелдер - 29,7%.

Әйелдер басшы болып табылатын, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі экономикалық қызмет түрлері:

- білім беру - 60,5%;

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетулер - 50,6%;

- тұру мен тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер - 43,2%;

- қаржылық және сақтандыру қызметі - 42%;

- жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар - 37,2%;

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 36,6%.

2018 жылдың наурыз айында статистикалық бизнес-тіркелім бастапқы тіркеуден өткен заңды тұлғалармен 652 субъектіге толықтырылды. Сонымен қатар, сәйкес кезеңде таратылған субъектілер саны - 57.

 

Баспасөз хабарламасы

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter