Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

жаңа терезеде ашу

Астана қаласының cтатистика департаменті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Астана қаласы (1961 жылға дейін – Ақмола, 1961 жылдың 20 наурызынан 1994 жылдың 6 маусымына дейін – Целиноград, әрі қарай 1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Еліміздің астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бірінші шешім-қаулысы 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылданғанымен, республикалық органдардың нақты көшірілуі 1997 жылдың желтоқсанында басталды. Астана қаласының Статистика басқармасы 1998 жылдың қаңтарында құрылды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (қазіргі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті) 2008 жылдың 16 сәуіріндегі №49 бұйрығымен Астана қаласының Статистика департаментіне өзгертілді. Астана қаласының Статистика департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органы болып табылады.

Астана қаласының Статистика департаменті мемлекеттік органдарды, астананың қоғамдастығы мен іскерлік орталарын Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету жөніндегі маңызды тапсырмаларды іске асырады, сондай-ақ қала аумағында статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады; мемлекеттік статистиканың статистикалық деректер жиынын, статистикалық бақылау мен басқа да арнайы зерттеулерді ұйымдастырып, жүргізуді жүзеге асырады; жарияланымдар шығарады.

Статистика департаментінің басшысы - Қ.Б. Әбдірәсілов, басшының орынбасары -      Ж.C. Серікбаева, басшының орынбасарыР.Е. Аташбеков басқарады.

Департаменттің құрамына 16 басқарма кіреді, оған басшылық ететіндері: Аубакирова Д.К., Темирбекова А.А., Баграмова Ж.Е., Ахамбай Е.Б., Федорченко Л.В., Касимова А.Б., Түсіп Г.С., Исмайлов Б.К., Ахметова А.К., Сұрапбергенова А.А., Тұрғалиев А.А., Шаяхметова Д.А., Бейсенбаева Ш.К., Банная Е.В, Кислицына Т.А., Сеилов С.Т.

Статистикалық деректерді өңдеуді департаментпен тығыз байланыста болып, «Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана қаласы бойынша филиалы жүзеге асырады, оны директоры С.М. Аубакирова басқарады.

Департаментте 103 әкімшілік мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің 80,6%-ын әйелдер құрайды, 97,7%-ында жоғары  білімі бар, 48,6%-ында - 5 жылға дейін, 25,2%-ында - 5 жылдан 11 жылға дейін, 15,5%-ында - 11 жылдан 20 жылға дейін астам мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілдері бар; олардың 34% 29 жасқа дейінгілер, 33%-ы - 30-дан 39 жасқа дейінгілер, 15,5%-ы – 40-тан 49 жасқа дейінгілер, 17,5%-ы - 50-ден жоғары жастағылар. Ұжымда Қазақстан Республикасының 10 үздік статистиктері қызмет атқарады.

Мекен жайы және байланыс деректемелері:
Пошталық мекенжайы: 010000, Астана қ., Желтоқсан көш., 22;
Халықаралық коды: 8 (717) 2;
Байланыс телефондары: 41-28-91;
Email:
modem.astana@statdata.kz
Интернет-ресурс:
www.stat.gov.kz/astana

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter