Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Бос орын

Азаматтардың мемлекеттік қызметке өту тәртібі


Бос орын лауазымдарға орналасу мәселелері бойынша кеңес беретін уәкілетті тұлғалардың байланыс деректері


Персоналды басқару қызметі (кадрлық қызметі)

Лауазымы

Телефоны

Электрондық пошта


Әубәкірова Дина Құрманғалиқызы

Басшы басқармасы

8(7172)31-62-53

Dina.Aubakirova@stat.kz

Қайырбаева Ұлмекен Нұрлыбекқызы

Бас маман

8(7172)31-95-94

 

 


Соңғы өзгертулер 21/05/2019

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында
ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: Жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

 

 

 

 

 

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

min

max

С-О-5

83 282

112 430

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті» РММ (010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 22, телефондары: 8(7172) 31-62-53, 31-95-94, факс: 41-28-91 электронды мекенжайы: d.aubakirova@economy.gov.kz) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Заң басқармасының бас маманы (санаты С-О-5, 2 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын орындау және қадағалау. Департаменттегі құқықтық жұмыстарды жүзеге асыру, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, стандарттарды және құқықтық сипаттағы басқа да актілердің жобасын дайындауда заңдылықтың сақталуын бақылау. Құқықтық мәселелерді қарау барысында соттарда, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда Департамент мүддесін ұсыну. Басшыға, оның орынбасарларына қол қою үшін ұсынылатын бұйрықтардың, шарттардың, келісімдердің және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру. Мемлекеттік сатып алуларды құқықтық сүйемелдеу. Заңды (жеке) тұлғалардың үндеулерімен жұмыс жасау. Тиісті мемлекеттік органдарға құқықтық мәселелер бойынша есептілікті әзірлеу және тапсыру. Статистикалық есептілікті тапсыру тәртібіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жұмыс. Департамент басшылығы белгілеген басқа да өкілеттілікті жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) саласындағы жоғары білім.

2. Еңбек статистикасы басқармасының бас маманы (санаты С-О-5, 1 бірлік уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2021 жылғы 06 қаңтарға дейін)
Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпы мемлекеттік статистикалық бақылау жүргізу. Бастапқы статистикалық деректер базасы негізінде статистикалық бақылаулар деректерінің базасын құру. Статистикалық деректердің дұрыстығы мен растылығын қамтамасыз ету. Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық жағдайы туралы талдамалы және басқа да ақпараттық материалдар дайындау. Респонденттермен жұмыс жасау. Статистикалық ақпараттарды пайдаланушылармен жұмыс жасау. Салалық тізімдемені жаңғырту. Департамент басшылығы белгілеген, басқа да өкілеттілікті жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, білім, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар мен технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы жоғары білім.

3. Баға статистикасы басқармасының бас маманы (санаты С-О-5, 1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпы мемлекеттік статистикалық бақылау жүргізу. Статистикалық көрсеткіштердің дұрыстылығы мен растылығын қамтамасыз ету. Баға статистикасының әдіснамасын сақтау және баға статистикасы бойынша статистикалық бақылауларды жүргізу. Бастапқы статистикалық деректер базасы негізінде статистикалық бақылаулар деректерінің базасын құру. Талдамалы материалдар дайындау. Әкімшілік деректемелерден деректер алу. Бастапқы статистикалық деректердің сапасын бақылау. Бақылау үшін анықталған өнім, тауарлар мен қызметтер түрлерінің тізімін алмастыру үшін коньюнктуралық базарларды зерттеу. Тұтыну нарығындағы бағаларды тіркеу. Статистикалық ақпараттарды пайдаланушылармен жұмыс істеу. Салалық тізімдемені жаңғырту. Департамент басшылығы белгілеген басқа да өкілеттілікті жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қызмет көрсету, техникалық ғылымдар мен технологиялар, білім, ауылшаруашылық ғылымдар, құқық, жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары білім.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 22, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаментінде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша сарпшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның ішінде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

__________________________
___________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш
Мені_________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының негізгі талаптары мен таныстым, олармен келісемін және орындауға
міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter