Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2019 жылғы қаңтар-наурыздағы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Тұрмыс деңгейі

2018 жылғы ІV тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бағалауы бойынша 149932 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы ІV тоқсанға қарағанда 8,7% жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 3,0%-ға өсті.

Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу

2018 жылғы ІV тоқсанда жұмыссыздар саны 49,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,2% құрады. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2019 жылғы наурыздың соңына 12468 адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,3%.
2018 жылғы IV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 221296 теңгені құрады. 

Бағалар

Тұтыну бағаларының индексі 2019 жылғы наурызға 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,2% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы мен тарифтері 4,6%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 0,8%-ға өсті, ал ақылы қызметтер – 2,6%-ға кеміді. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2019 жылғы наурызға 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,5%-ға төмендеді.

Өңірлік экономика

2018 жылғы 9 айдағы жалпы өңірлік өнім көлемі 7533,9 млрд. теңгені құрды. 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ-нің өсуі 2,6 % құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 7,4% құрады, қызмет көрсету – 85,7%.
2019 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 130992,2 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 4,8%-ға артық.
2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 123458 бірлікті құрап, 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3 %-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 121660 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 69859 құрады, оның ішінде 68369 бірлік – шағын кәсіпорындар.

Сауда

2019 жылғы қаңтар-наурызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,5%-ды құрады.
2019 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 707,9 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-наурызмен салыстырғанда 107,3%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
2019 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 2143,2 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-наурызмен салыстырғанда 103,4%-ды құрады (салыстырмалы бағада).

Экономиканың нақты секторы

2019 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 241,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурызға 5,2%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 11,8%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 75,6%-ға өсті. Электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда нақты көлем индексі 100%-ды құрады.
2019 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1261,3 млн. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 2,5%-ға артты.
2019 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 31087,3 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 5,2%-ға артты.
2019 жылғы қаңтар-наурызда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 104,9%-ды құрды.
2019 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 5466 млн. ткм құрап, 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11,9%-ға өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 9724 млн. жкм құрап, 7,9 % артты.

Қаржы жүйесі

2018 жылғы IV тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 136,4 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 4,5%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 37,7%-ды құрады.

  

 

www.stat.gov.kz/almaty - Әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шығаруға жауапты:
Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы

Басқарма басшысы:
Рысбаев.Е.Т.
Тел. +7 (727)376-04-45

Орындаушы:
Рысбаев Е.Т.
Тел. +7(727)376-04-45
E-mail: almastat@statdata.kz

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter