Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2019 жылғы ақпандағы Алматы қаласының құнсыздануы

2019 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының индексі қаңтарға қарағанда 100,1%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы мен тарифтері 2,3%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 0,2%-ға өсті, ал ақылы қызметтер – 2,9%-ға кеміді.

Алматы қаласындағы құнсыздану

өткен айға, пайызбен

Инфляция_022019

 

Азық-түлік тауарлары

Азық-түлік тауарлары тобындағы бағалар серпінінде жаңа піскен көкөністердің бағалары – 30,3%-ға қымбаттады. Соның ішінде, тәтті бұрыш – 66,5%-ға, қызанақ және қияр – 44,9-50,7%-ға, аққауданды қырыққабат – 18,3%-ға, пияз – 2,5%-ға өсті, ал қызылша, картоп және сәбіз 0,1-0,4%-ға арзандады. Жаңа піскен жемістердің бағасы 1,7%-ға өсті.
Ұн 2,7%-ға, нан – 0,6%-ға, күріш – 0,3%-ға қымбаттады. Жармалардың бағасы 0,4%-ға өсті, соның ішінде арпа жармасы– 2,4%-ға, шикі сөк – 2%-ға, ұнтақ және сұлы жармалары – 1-1,2%-ға қымбаттады. Ал, қарақұмық жармасы 0,8%-ға арзандады.
Ет және ет өнімдерінің бағасы 0,2%-ға өсті, бұл ретте, қой еті 0,8%-ға, сиыр еті – 0,3%-ға, шошқа еті – 0,1%-ға қымбаттады, керісінше құс еті – 1,3%-ға арзандады. Балық және теңіз өнімдерінің бағалары 1,3%-ға өсті.
Сүт өнімдері 0,6%-ға арзандады, бұған, сүзбе – 8,7%-ға, ашытылған сүт өнімдері (қаймақ, қатық) – 1,1%-ға төмендеуі себепші болды. Сонымен қатар, ұзақ мерзімге сақталатын сүт 0,9%-ға, пастерленген сүт – 0,8%-ға, ірімшік –1,9%-ға қымбаттады.
Май және тоңмай өнімдері 0,4%-ға өсті, бұған зәйтүн майының – 2,4%-ға, күнбағыс майының – 0,8%-ға қымбаттауы себепші болды, ал сары майдың – 0,6%-ға арзандада.
Алкогольсіз сусындардың өсімі 1,8%-ды құрады, алкогольді сусындар – 0,8%-ға (сыра – 2%, коньяк – 1%, вино – 0,4%, арақ – 0,2%) қымбаттады. Фильтрлі темекінің бағасы 1,7%-ға өсті.
Қант – 2,4%-ға, жұмыртқа – 0,6%-ға арзандады.

Азық-түлік емес тауарлары

Өткен айға қарағанда азық-түлік емес тобындағы тауарларының бағалары фармацевтикалық өнімдерінің – 1,3%-ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдары – 1,1%-ға, жиһаз – 0,8%-ға, жуғыш-тазалағыш құралдар, жеке күтім тауарлары – 0,7%-дан, көліктер – 0,6%-ға, киім және аяқ киім – 0,3%-ға, құрылыс материалдары – 0,2%-ға өсті.
Жанар-жағармай материалдары 1,4%-ға арзандады, бұған А-95-96 бензинінің – 3,3%-ға, А-92 – 1,3%-ға, дизельді отынның – 1,2%-ға төмендеуі себепші болды.
  

Ақылы қызметтер

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер саласындағы тұрмыстық-коммуналдық қызметтер – 9,1%-ға төмендеді, соның ішінде, жылыту – 17,8%-ға, ыстық су – 16,5%-ға, құбырлы газ – 12,3%-ға, суық су және кәріз – 10%-дан арзандады. Амбулаторлық қызметтер тарифтері 0,6%-ға (маман-дәрігерлердің қызметтері – 3,1%-ға, дәрігердің алғашқы қабылдауы – 1,5%-ға), қалааралық қоңырау – 1,7%-ға, тұрмыстық қызметтер – 0,6-0,8%-ға өсті.
Көлік қызметтері 0,1%-ға қымбаттады, бұл ретте, ұшақ билеттері 2,8%-ға қымбаттады, ал поезд билеттері – 0,4%-ға арзандады.

пайызбен

 

 

2019 жылғы ақпан

2019 жылғы қаңтар-ақпан
2018 жылғы
қаңтарға-ақпанға

Анықтамалы түрде: 2018 жылғы
ақпан
2017 жылғы желтоқсанға

2019 жылғы
қаңтарға

2018 жылғы
желтоқсанға

2018 жылғы
ақпанға

 Барлық тауарлар мен қызметтер

100,1

100,7

104,5

104,8

101,4

Азық-түлік тауарлары

102,3

103,8

107,2

106,5

101,5

Азық-түлік емес тауарлары

100,2

100,5

105,8

105,9

100,9

Ақылы қызметтер

97,1

97,2

100,0

101,7

101,7

 Әдіснамалық түсініктемелер

Тұтыну бағаларының индексі құнсыздану деңгейін сипаттап, халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің жиынтығы 510 айқындама қамтиды. Бағаларды тіркеу сауда және қызмет көрсету салаларындағы қаладағы әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың іріктелген желісі бойынша жүргізіледі.

   

 

www.stat.gov.kz/almaty – Жаңалықтар

Шығаруға жауапты:
Бағалар статистикасы басқармасы

Басқарма басшысы:
Дацевич Л.Б.
Тел. +7
(727)376-03-92

 Орындаушы: Нүсіпбекова И.Қ.
Тел. +7(727)376-03-92
E-mail:
almastat@statdata.kz

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter