Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2019 жылғы қаңтардағы Алматы қаласындағы құнсыздану

2019 жылғы қаңтарда тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы желтоқсанға қарағанда 100,7%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы мен тарифтері 1,5%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 0,2%-ға, ақылы қызметтер – 0,1%-ға өсті.  

Алматы қаласындағы құнсыздану

өткен айға, пайызбен

 Об инфляции в городе Алматы в январе 2019г.

 

Азық-түлік тауарлары

2019 жылғы қаңтарда азық-түлік тауарлары тобындағы бағалар серпінінде жаңа піскен көкөністердің бағалары – 15,6%-ға қымбаттады. Соның ішінде, тәтті бұрыш – 50,5%-ға, қияр мен қызанақ – 21,7 24,6%-ға, пияз – 9,6%-ға, аққауданды қырыққабат – 3,5%-ға, картоп – 2,6%-ға, сәбіз – 1,4%-ға өсті. Жаңа піскен жемістердің бағасы 2%-ға өсті.
Ұн 1,9%-ға, макарон өнімдері – 0,7%-ға, нан – 0,2%-ға қымбаттады, бұған жоғарғы сұрыпты бидай нанының – 0,7%-ға өсуі себепші болды.
Күріштің құны 5,5%-ға өсті, жарма – 1%-ға, сонымен қатар, қарақұмық жармасы – 1,4%-ға, ұнтақ, арпа және шикі сөк жармалары – 0,8-1,1%-ға қымбаттады.
Ет және ет өнімдерінің бағасы 0,2%-ға өсті, соның ішінде, жылқы еті 0,6%-ға, сиыр еті – 0,4%-ға, қой еті – 0,2%-ға қымбаттады, керісінше құс еті – 1,7%-ға арзандады. Балық және теңіз өнімдерінің бағалары 1,1%-ға қымбаттады.
Сүт өнімдері 0,6%-ға қымбаттады, соның ішінде, пастерленген сүт – 1,1%-ға, ірімшік және сүзбе – 0,9%-ға, ашытылған сүт өнімдері – 0,5%-ға өсті.
Май және тоңмай өнімдері 1,4%-ға өсті, бұған сары майдың – 2,7%-ға, күнбағыс майының – 0,6%-ға қымбаттауы себепші болды.
Алкогольсіз сусындардың өсімі 0,5%-ды құрады, алкогольді сусындар – 0,4%-ға (коньяк – 0,8%, арақ, вино – 0,6%) қымбаттады. Фильтрлі темекінің бағасы 3,9%-ға өсті.
Қант 4,5%-ға арзандады, ал жұмыртқаның бағасы өткен айдың деңгейінде қалды.

Азық-түлік емес тауарлары

 

Өткен айға қарағанда азық-түлік емес тобындағы тауарларыдың бағалары жуғыш-тазалағыш құралдар, тұрмыстық құралдар, жеке күтім тауарлары – 0,9%-дан, киім және аяқ-киім – 0,8%-ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдары – 0,7%-ға, ыдыс – 0,6%-ға, көліктер, фармацевтикалық өнімдер, жиһаз – 0,5%-дан өсті.
Жанар-жағармай материалдары 2,6%-ға арзандады, бұған А-92 бензинінің – 3,1%-ға төмендеуі себепші болды.

Ақылы қызметтер

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер саласындағы тұрмыстық-коммуналдық қызметтер – 0,3%-ға төмендеді, бұған электр қуатының – 1,3%-ға арзандауы себепші болды.
Құқық және сақтандыру қызметтері 4,9-5%-ға өсті.
Салттық қызметтердің тарифтері 6,3%-ға өсті, қоғамдық тамақтану – 2,6%-ға, тұрмыстық қызметтер (киімді химиялық тазалау, аяқ-киім жөндеу, техника) – 1,1-1,8%-ға, демалыс ойын-сауық орындарының қызметтері – 1,5%-ға, шаштараз және өзін-өзі қызмет көрсету орындары – 1,1%-ға қымбаттады.
Көлік қызметтері 1%-ға арзандады, бұған ұшақ билеттерінің – 10,2%-ға, алыс жол жүретін пойыздардың билеттерінің – 4,9%-ға төмендеуі себепші болды.

 пайызбен

 

2019 жылғы қаңтар

Анықтамалы түрде:
2018 жылғы қаңтар
2017 жылғы желтоқсанға

2018 жылғы желтоқсанға

2018 жылғы қаңтарға

Барлық тауарлар мен қызметтер

100,7

105,2

100,7

Азық-түлік тауарлары

101,5

105,8

100,5

Азық-түлік емес тауарлары

100,2

106,1

100,4

Ақылы қызметтер

100,1

103,5

101,2

 

Әдіснамалық түсініктемелер
Тұтыну бағаларының индексі құнсыздану деңгейін сипаттап, халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің жиынтығы 510 айқындама қамтиды. Бағаларды тіркеу сауда және қызмет көрсету салаларындағы қаладағы әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың іріктелген желісі бойынша жүргізіледі.

 

 

www.stat.gov.kz/almaty – Жаңалықтар

Шығаруға жауапты:
Бағалар статистикасы басқармасы

Басқарма басшысы:
Дацевич Л.Б.
Тел. +7
(727)376-03-92

Орындаушы: Нүсіпбекова И.Қ.
Тел. +7(727)376-03-92
E-mail:
almastat@statdata.kz

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

 

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter