2019 жылғы қаңтарға Алматы қаласындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері 30184 теңгені құрады
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларына негізделіп есептелген күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері, орта есеппен жан басына шаққанда, 2019 жылғы қаңтарда 30184 теңгені құрап, 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 1,3%-ға артты. Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алу шығындарының үлесі 18,2%, май және тоң май – 3,7%, сүт, ірімшік және жұмыртқа – 13,2%, қант, шай және дәмдеуіштер – 1,8%, жемістер және көкөністер – 8,8%, балық – 2,3%, нан және жарма өнімдері – 7% құрады.
теңге
Орта есеппен жан басына шаққанда
0-13 жастағы балалар
14-17 жастағы жасөспірімдер
18 жастан үлкен еңбекке жарамды халық
Зейнеткерлер және қарт адамдар
ұлдар
қыздар
еркектер
әйелдер
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері
30 184
24 073
38 262
29 315
35 875
28 484
28 382
Азық-түлік тауарлары
16 601
13 240
21 044
16 123
19 731
15 666
15 610
Азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтер
13 583
10 833
17 218
13 192
16 144
12 818
12 772
Әдіснамалық түсіндірмелер Күнкөрістің ең төменгі деңгейі – мөлшеріне қарай ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға шаққанда қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті заттай түріндегі және құны тұрғысынан тамақ өнімдерінің, тауарлар мен қызметтердің ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынын және азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтерге жұмсалған шығындардың бекітілген үлесін қамтиды. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеу үшін ең төменгі деңгейде қажетті азық-түлік емес тауарлары мен қызметтерге жұмсалатын шығындардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 45 пайызы мөлшерінде белгіленген.
www.stat.gov.kz/almaty - Ресми статистикалық ақпараттар (салалар бойынша) - Бағалар мен тарифтер
Шығаруға жауапты: Бағалар статистикасы басқармасы
Басқарма басшысы: Дацевич Л.Б. Тел. +7 (727)376-03-92
Орындаушы: Ақжан О. Тел. +7(727)376-03-92 E-mail: almastat@statdata.kz
Мекенжай: 050008, Алматы қаласы Абай даңғылы, 125
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті