Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2018 жылғы қазандағы Алматы қаласындағы құнсыздану

2018 жылғы қазанда тұтыну бағаларының индексі қыркүйекке қарағанда 100,4% құрады. Азық-түлік емес тауарларының бағасы мен тарифтері 0,6%-ға, ақылы қызметтер – 0,3%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,2%-ға өсті.

 Алматы қаласындағы құнсыздану

өткен айға, пайызбен

Об инфляции в городе Алматы в октябре 2018г.

Азық-түлік тауарлары

Азық-түлік тауарлары тобындағы бағалар серпініне 2018 жылғы қазанда ұнның – 2,9%-ға, ет және ет өнімдерінің – 1,5%-ға, соның ішінде құс еті – 5,1%-ға, жылқы және шошқа еті – 1,2%-дан, сиыр еті – 0,9%-ға, қой еті – 0,5%-ға қымбаттауы әсер етті.
Жармалар құны 1,5%-ға, соның ішінде шикі сөк – 4,4%-ға, ұнтақ жарма – 2,3%-ға, қарақұмық – 0,9%-ға, арпа – 0,2%-ға өсті. Күріштің бағасы – 1,1%-ға, нан және макарон өнімдері – 0,2%-дан қымбаттады.
Май-тоңмай өнімдері 1,3%-ға (зәйтүн майы – 6,8%, күнбағыс майы – 2,2%), сүт өнімдері – 0,8%-ға, соның ішінде қышқыл сүт өнімдері – 0,8%-ға, шикі сүт – 0,4%-ға қымбаттады.
Балғын көкөністердің бағалары 7,1%-ға төмендеді, бұған, сәбіздің – 19,1%-ға, пияздың – 12,8%-ға, қызылшаның – 10,8%-ға, картоптың – 8,5%-ға, тәтті бұрыштың – 8,3%-ға арзандауы себепші болды. Керісінше, қырыққабаттың – 9,6%-ға, қызанақ пен қиярдың – 3,3-9,1%-ға бағалары қымбаттады.
Алкогольді сусындар бағасының өсімі 0,3%-ды құрады, соның ішінде коньяк – 0,6%-ға, арақ және шарап – 0,4%-ға өсті. Қара шай бағасы 5%-ға арзандады.
Қант 7,8%-ға қымбаттады. Жұмыртқа бағасы 3,4%-ға өсті.

Азық-түлік емес тауарлары

Азық-түлік емес тобындағы тауарлардың бағаларынан құрылыс материалдары – 1%-ға, киім және аяқкиім – 0,9%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 0,8%-ға өсті.
Сұйытылған газ үшін төлем құны 5,4%-ға қымбаттады.
Жанар-жағар май материалдары – 0,5%-ға қымбаттады, бұған дизелді отынның – 1,2%-ға, А-92 бензиннің – 0,3%-ға өсуі себеп болды.

Ақылы қызметтер

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер саласындағы стоматологиялық қызметтердің тарифі – 1,5%-ға, қоғамдық тағамдану қызметтері – 0,6%-ға қымбаттады. Интернет желілердің абоненттік төлемінің – 1,1%-ға қымбаттауынан, байланыс қызметтері – 0,3%-ға өсті. Сонымен қатар, құбырмен газ тасымалдау – 1,8%-ға арзандады.
Көлік қызметтері тарифтері 1,5%-ға қымбаттады, бұған алысқа жүретін поезд билеттері – 7%-ға, ұшақ билеттерінің – 4,9%-ға, такси – 2,2%-ға, қалааралық автобус – 0,9%-ға өсуі себеп болды.

 

пайызбен

 

2018 жылғы қазан

2018 жылғы
қаңтар-қазан
2017 жылғы
қаңтар-қазанға

Анықтамалы түрде: 2017 жылғы
қазан
2016 жылғы желтоқсанға

2018 жылғы
қыркүйекке

2017 жылғы
желтоқсанға

2017 жылғы
қазанға

Барлық тауарлар мен қызметтер

100,4

103,8

105,6

106,3

105,2

Азық-түлік тауарлары

100,2

102,8

105,0

105,5

104,9

Азық-түлік емес тауарлары

100,6

105,0

106,5

107,6

106,6

Ақылы қызметтер

100,3

103,8

105,5

105,9

104,1

Әдіснамалық түсініктемелер
Тұтыну бағаларының индексі құнсыздану деңгейін сипаттап, халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің жиынтығы 510 айқындама қамтиды. Бағаларды тіркеу сауда және қызмет көрсету салаларындағы қаладағы әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың іріктелген желісі бойынша жүргізіледі.

 

 

www.stat.gov.kz/almaty - /Ресми статистикалық ақпарат/жедел деректер (жедел ақпарат, бюллетендер)/Бағалар мен тарифтер

Орындаушы:
Нүсіпбекова И.Қ.
Тел. +7 (727)376-03-92

Басқарма басшысы:
Дацевич Л.Б.
Тел. +7 (727)376-03-92

Мекен жайы:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

 

 

 

 

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter