Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2018 жылғы қыркүйектегі Алматы қаласындағы құнсыздану

2018 жылғы қыркүйекте тұтыну бағаларының индексі тамызға қарағанда 100,8% құрады. Азық-түлік емес тауарларының бағасы мен тарифтері 0,9%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,8%-ға, ақылы қызметтер – 0,6%-ға өсті.

 Алматы қаласындағы құнсыздану

өткен айға, пайызбен

Инфляция_092018

 
Азық-түлік тауарлары

Азық-түлік тауарлары тобындағы бағалар серпініне 2018 жылғы қыркүйекте қанттың – 5,4%-ға, күріштің – 5,3%-ға, ет және ет өнімдерінің – 1,6%-ға, соның ішінде жылқы еті – 4,6%-ға, құс және шошқа еті – 3,5%-дан, қой еті – 1,2%-ға, сиыр еті – 0,7%-ға қымбаттауы әсер етті.
Макарон өнімдерінің бағасы 1,3%-ға, нан – 0,1%-ға өсті. Жармалар құны 0,1%-ға, соның ішінде шикі сөк 3,7%-ға,  ұнтақ жарма – 1,7%-ға өсті, ал қарақұмық және арпа жармалары 0,8-1,5%-ға арзандады.
Май-тоңмай өнімдері 2,7%-ға (зәйтүн майы – 6%, күнбағыс майы – 3,7%, сары май – 1,6%-ға, өсімдік-сары майы және маргарин – 1,3%-дан), сүт өнімдері – 1,4%-ға, соның ішінде шикі сүт – 1%-ға, қышқылсүт өнімдері – 1,8%-ға, ірімшік және сүзбе – 1,4%-ға қымбаттады.
Балғын көкөністердің бағасының 13,4%-ға төмендеді. Бұған, тәтті бұрыштың 32,9%-ға, сәбіздің – 18,6%-ға, қызылшаның – 17,5%-ға, пияздың – 14,7%-ға, қырыққабаттың – 4,9%-ға, картоптың – 4,1%-ға, қызанақ пен қиярдың 1,7-3,4%-ға арзандауы себепші болды.
Алкогольсіз сусындар бағасының өсімі 1,9%-ға, алкогольді – 0,9%-ға, соның ішінде арақ – 1,3%-ға, шарап және сыра – 0,6-0,7%-ға, коньяк – 0,2% артты. Табак өнімдерінің бағасы (фильтрлі сигарет) 0,6%-ға өсті.
Жұмыртқа құны 2,3%-ға артты.

Азық-түлік емес тауарлары

Азық-түлік емес тобындағы тауарлардың бағаларының серпініне тас көмірдің – 9,3%-ға қымбаттауы әсер етті.
Жуғыш-тазалағыш құрылғылардың бағасы 1,6%-ға, құрылыс материалдары – 1,5%-ға, жиһаз – 1%-ға, жеке күтім тауарлары, ыдыстар – 0,9%-дан, тұрмыстық техника – 0,8%-ға, киім және аяқкиім, фармацевтикалық өнімдер, канцелярлық тауарлар – 0,7%-дан өсті.
Жанар-жағар май материалдары – 0,3%-ға, соның ішінде А-92 бензині 0,5%-ға арзандады, ал дизелді отын – 0,3%-ға қымбаттады.
           

Ақылы қызметтер    

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер саласындағы тұрмыстық-коммуналдық кызметтер – 1,3%-ға, соның ішінде қоқыс тасу қызметі – 62,2%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, құбымен газ тасымалдау – 1,3%-ға арзандады.
Білім беру қызметі 1,4%-ға, соның ішінде жекешегенген мектеп және гимназияда білім беру құнының өсуі – 3,7%-ға, жоғарғы білім беру – 2,6%-ға, мамандандырылған орта білім – 2,7%-ға қымбаттады.
Амбулаторлық қызметтер 3,5%-ға, бұған стоматологиялық қызметтердің тарифінің (тіс жұлу, емдеу) – 6,4%-ға, медициналық зертхана қызметтерінің – 1,6%, амбулаторлық дәрігер қызметтерінің – 0,5%-ға қымбаттауы себепші болды.
Қонақүй қызметтері 2,1%-ға қымбаттады. Рәсімдік қызмет құны 1,9%-ға өсті.
Көлік қызметтері тарифтері 1,2%-ға арзандады, бұған ұшақ билеттерінің – 9,2%-ға, алысқа жүретін поезд билеттері – 6,6%-ға арзандауы себеп болды.

пайызбен

 

2018 жылғы қыркүйек

2018 жылғы
қаңтар-қыркүйек
2017 жылғы
қаңтар-қыркүйекке

Анықтамалы түрде:
2017 жылғы
қыркүйек
2016 жылғы желтоқсанға

2018 жылғы
тамызға

2017 жылғы
желтоқсанға

2017 жылғы
қыркүйекке

Барлық тауарлар мен қызметтер

100,8

103,4

106,5

106,3

104,0

Азық-түлік тауарлары

100,8

102,5

106,4

105,6

103,3

Азық-түлік емес тауарлары

100,9

104,3

107,3

107,7

105,1

Ақылы қызметтер

100,6

103,6

105,6

105,9

103,7

Әдіснамалық түсініктемелер

Тұтыну бағаларының индексі құнсыздану деңгейін сипаттап, халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің жиынтығы 510 айқындама қамтиды. Бағаларды тіркеу сауда және қызмет көрсету салаларындағы қаладағы әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың іріктелген желісі бойынша жүргізіледі.

  

 

www.stat.gov.kz/almaty - /Ресми статистикалық ақпарат/жедел деректер (жедел ақпарат, бюллетендер)/Бағалар мен тарифтер

Орындаушы:
Нүсіпбекова И.Қ.
Тел. +7 (727)376-03-92

Басқарма басшысы:
Дацевич Л.Б.
Тел. +7 (727)376-03-92

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

  © Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter