Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2018 жылғы қаңтар-тамыздағы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Тұрмыс деңгейі

 

2018 жылғы I-ші тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бағалауы бойынша 130085 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы I -ші тоқсанға қарағанда 3,9 % жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 2,7%-ға  азайды.

Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу

2018 жылғы ІI тоқсанда жұмыссыздар саны 49,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,2% құрады. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2018 жылғы тамыздың соңына 10611 адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,1%.
2018 жылғы IІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 204740 теңгені құрады.

Бағалар

Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы тамызға 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары – 1,7%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағалары – 3,4%-ға, ақылы қызметтердің – 2,9%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2018 жылғы тамызға 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,3%-ға өсті.

Өңірлік экономика

2018 жылғы I тоқсанда жалпы өңірлік өнім көлемі 2 396,1 млрд. теңгені құрды. 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ-нің өсуі 4,0 % құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 6,8% құрады, қызмет көрсету – 86,4%.
2018 жылғы қаңтар-тамызға негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 417805,3 млн. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 18,2%-ға артық.
2018 жылғы 1 кыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 122 142 бірлікті құрап, 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,3%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 120 408 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 65 901 құрады, оның ішінде 64 496 бірлік – шағын кәсіпорындар.

Сауда

2018 жылғы қаңтар-тамызда «Сауда» ( көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу) саласы бойынша нақты көлем индексі 103,7%-ды құрады.
2018 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 1882,9 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 112,9%-ды құрады (салыстырмалы бағада).

2018 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 6485,3 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 100,8%-ды құрады (салыстырмалы бағада).

Экономиканың нақты секторы

2018 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 569,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-тамызға 3,9%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4,3%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 6,8%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 24,7%-ға кеміді.
2018 жылғы қаңтар-тамызға ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) көлемі 2909,0 млн. теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,8%-ға төмендеді.
2018 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 173771,5 млн. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы  қаңтар-тамызға қарағанда 4,3% -ға артық.
2018 жылғы қаңтар-тамызда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 107,0%-ды құрды.
2018 жылғы қаңтар-тамыздағы жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 15 947 млн. ткм құрап, 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9%-ға өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 25 989 млрд. жкм құрап, 9,5 % артты.

Қаржы жүйесі

2018 жылғы I тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 363,5 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 18,2%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 39,0%-ды құрады.

 

www.stat.gov.kz/almaty - Әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шығаруға жауапты:
Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы

Басқарма басшысы:
Рысбаев.Е.Т.
Тел.+7(727)376-04-45

Орындаушы:
Рысбаев Е.Т.
Тел. +7(727)376-04-45
E-mail:almastat@statdata.kz

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter