Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2018 жылғы шілдедегі Алматы қаласындағы құнсыздану

2018 жылғы шілдеде тұтыну бағаларының индексі маусымға қарағанда 100% құрады. Азық-түлік емес тауарларының және ақылы қызметтердің бағасы мен тарифтері 0,4%-дан өсті, ал азық-түлік тауарлары – 0,6%-ға кеміді.

 

Алматы қаласындағы құнсыздану

өткен айға, пайызбен

Об инфляции в городе Алматы в июле 2018г.

Азық-түлік тауарлары

Азық-түлік тауарлары тобындағы бағалар серпініне 2018 жылғы шілдеде балғын көкөністердің бағасының 15,4%-ға төмендеуі әсер етті. Бұған, тәтті бұрыштың 40,5%-ға, қызанақ пен қиярдың 37,8-39,5%-ға, аққауданды қырыққабаттың – 32,5%-ға, картоптың – 12,2%-ға, пияздың – 0,4%-ға арзандауы себепші болды. Сонымен қатар, қызылша 23,2%-ға, сәбіз – 4,7%-ға қымбаттады.
Күріш және жармалар бағасы 1,1%-ға, бұл ретте сұлы жармасы 2,8%-ға, қарақұмық – 2,3%-ға, арпа жармасы – 1,4%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, ұнтақ жармасы мен шикі сөк 1,5 және 0,8%-ға тиісінше арзандады.
Қант 1,3%-ға, май-тоңмай өнімдері – 0,6%-ға, сүт өнімдері – 0,4%-ға, ұн – 0,1%-ға қымбаттады.
Ет және ет өнімдері 0,5%-ға, соның ішінде шошқа еті – 1,6%-ға, сиыр еті – 0,6%-ға, шұжықтар және ет өнімдері – 0,7%-ға қымбаттады. Сонымен қатар құс еті – 0,2%-ға арзандады.
Алкогольді сусындар бағасы 1,2%-ға (арақ – 2,2%, сыра – 0,7%, шарап – 0,5%), алкогольсіз сусындар – 0,3%-ға, артты. Табак өнімдерінің бағасы (фильтрлі сигарет) 3,2%-ға өсті.

Азық-түлік емес тауарлары

Азық-түлік емес тобындағы тауарлардың бағаларының серпініне жанар-жағар май материалдарының – 1,5%-ға, соның ішінде дизелді отынның – 6,1%-ға, А-95-96 маркалы бензинінің – 1,4%-ға, А-92– 0,6%-ға қымбаттауы себепші болды.
Көліктердің бағасы –1%-ға, құрылыс материалдары – 0,8%-ға, тұрмыстық текстил бұйымдары – 0,6%-ға, тұрмыстық техника –0,4%-ға, киім және аяқ киім, жуғыш, тазалағыш құрылғылар – 0,3%-дан, жеке күтім тауарлары – 02%-ға өсті.

Ақылы қызметтер

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер саласындағы сұлулық салоны мен шаштараз қызметтері – 4,4%-ға, шипажайлар – 4,3%-ға, спорттық комплекстер – 3,4%-ға қымбаттады.
Байланыс қызметтерінің құны 0,3%-ға, бұған кабельді теледидар тарифінің – 2,4%-ға өсуі әсер етті.
Көлік қызметтерінің тарифтері 0,8%-ға қымбаттады, бұл орайда ұшақ билеттері – 8,4%-ға, алысқа жүретін поезд билеттері – 0,5%-ға, жүк, жиһаз тасымалдау – 3,8%-ға өсті.

 

пайызбен

 

2018 жылғы шілде

2018 жылғы
қаңтар-шілде
2017 жылғы
қаңтарға-шілдеге

Анықтамалы түрде: 2017 жылғы
шілде
2016 жылғы желтоқсанға

2018 жылғы
маусымға

2017 жылғы
желтоқсанға

2017 жылғы
шілдеге

Барлық тауарлар мен қызметтер

100,0

102,4

105,8

106,4

103,6

Азық-түлік тауарлары

99,4

101,8

104,3

105,5

104,7

Азық-түлік емес тауарлары

100,4

102,7

107,9

107,8

103,0

Ақылы қызметтер

100,4

102,8

105,7

106,0

102,8

Әдіснамалық түсініктемелер

Тұтыну бағаларының индексі құнсыздану деңгейін сипаттап, халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің жиынтығы 510 айқындама қамтиды. Бағаларды тіркеу сауда және қызмет көрсету салаларындағы қаладағы әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың іріктелген желісі бойынша жүргізіледі.

 

www.stat.gov.kz/almaty - /Ресми статистикалық ақпарат/жедел деректер (жедел ақпарат, бюллетендер)/Бағалар мен тарифтер

Орындаушы:
Нүсіпбекова И.Қ.
Тел. +7 (727)376-03-92

Басқарма басшысы:
Дацевич Л.Б.
Тел. +7 (727)376-03-92

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter