Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2018 жылғы маусымдағы Алматы қаласындағы құнсыздану

2018 жылғы маусымда тұтыну бағаларының индексі мамырға қарағанда 100,1% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы мен тарифтері – 0,6%-ға, азық-түлік емес тауарларының – 0,3%-ға өсті, ал азық-түлік тауарлары – 0,5%-ға кеміді.

Алматы қаласындағы құнсыздану

өткен айға, пайызбен

Об инфляции в городе Алматы в июне 2018г.

Азық-түлік тауарлары

Азық-түлік тауарлары тобындағы бағалар серпініне 2018 жылғы маусымда елеулі әсерін балғын көкөністердің бағасы 6,9%-ға төмендеді. Бұған, қызанақ пен қиярдың 25-29,2%-ға, тәтті бұрыштың – 17,5%-ға, картоптың – 12,3%-ға, қызылшаның – 3%-ға, пияздың – 1%-ға арзандауы себепші болды. Сонымен қатар, қырыққабат – 17%-ға, сәбіз – 5,8%-ға қымбаттады.
Жармалар бағасы 1,3%-ға арзандады, бұл ретте шикі сөк – 2,1%-ға, қарақұмық – 1,9%-ға, арпа жармасы – 1,5%-ға, сұлы – 0,6%-ға арзандады.
Қант 2,2%-ға, сүт өнімдері – 0,6%-ға қымбаттады, ал май-тоңмай өнімдерінің бағасы – 0,1%-ға арзандады.
Ет және ет өнімдері 0,4%-ға өсті, соның ішінде шошқа еті – 1,6%-ға, сиыр еті – 1%-ға, жылқы және қой еті – 0,5-0,6%-ға тиісінше қымбаттады. Сонымен қатар құс еті – 2,4%-ға арзандады.
Алкогольсіз сусындар өсімі 0,6%-ға, соның ішінде, минералды және ауыз су – 0,9%-ға, жеміс шырыны – 0,5%-ға артты. Табак өнімдері (фильтрлі сигарет) 0,3%-ға өсті. Алкогольді сусындар 0,7%-ға (сыра – 1,5%-ға, арақ – 0,7%-ға) арзандады.
Жұмыртқа бағасы 3,9%-ға кеміді.

Азық-түлік емес тауарлары

Өткен айға қарағанда азық-түлік емес тобындағы тауарлардың бағалары фармацевтикалық өнімдер – 0,8%-ға, көліктер және жеке күтім тауарлары – 03%-дан, киім және аяқ киім – 0,2%-ға өсті.
Сұйытылған газ (баллон) құны 5,4%-ға қымбаттады.
Жанар-жағар май материалдарының бағалары 0,3%-ға қымбаттады, бұған дизелді отынның – 1,8%-ға, А-95-96 маркалы бензинінің – 1,5%-ға өсуі себепші болды.

Ақылы қызметтер

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер саласындағы ұялы байланыс қызметтер тарифтері – 8,9%-ға, жақсы жабдықталған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,2%-ға қымбаттады.
Демалыс және саяхат жолдамалары 7,4%-ға, бұған Тайланд және Турцияға демалысқа бару – 4,1-12,7%-ға өсті. Саябақтағы ойын-сауыққа бару 4,8%-ға қымбаттады.
Көлік қызметтерінің тарифтері 0,6%-ға қымбаттады, бұл орайда ұшақ билеттері – 12,2%-ға өсті, ал алысқа жүретін поезд билеттері 5,2%-ға арзандады.

пайызбен

 

2018 жылғы маусым

2018 жылғы
қаңтар-маусым
2017 жылғы
қаңтарға-маусымға

Анықтамалы түрде: 2017 жылғы
маусым
2016 жылғы желтоқсанға

2018 жылғы
мамырға

2017 жылғы
желтоқсанға

2017 жылғы
маусымға

Барлық тауарлар мен қызметтер

100,1

102,4

105,8

106,4

103,6

Азық-түлік тауарлары

99,5

102,5

104,5

105,7

105,1

Азық-түлік емес тауарлары

100,3

102,3

107,7

107,8

102,7

Ақылы қызметтер

100,6

102,3

105,5

106,0

102,6

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Тұтыну бағаларының индексі құнсыздану деңгейін сипаттап, халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің жиынтығы 510 айқындама қамтиды. Бағаларды тіркеу сауда және қызмет көрсету салаларындағы қаладағы әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың іріктелген желісі бойынша жүргізіледі.

 

www.stat.gov.kz/almaty - /Ресми статистикалық ақпарат/жедел деректер (жедел ақпарат, бюллетендер)/Бағалар мен тарифтер

Орындаушы:
Ақжан О.
Тел. +7 (727)376-03-92

Басқарма басшысы:
Дацевич Л.Б.
Тел. +7 (727)376-03-92

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter