Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2018 жылғы қаңтардағы Алматы қаласындағы құнсыздану

2018 жылғы қаңтарда тұтыну бағаларының индексі 2017 жылғы желтоқсанға қарағанда 100,7%-ды құрады. Ақылы қызметтердің бағасы мен тарифтері 1,2%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар– 0,4%-ға өсті.

Алматы қаласындағы құнсыздану

өткен айға, пайызбен

 Инфляция_012018

 

Азық-түлік тауарлары

2018 жылғы қаңтарда азық-түлік тауарлары тобындағы бағалар серпінінде жаңа піскен көкөністер бағалары – 3,7%-ға қымбаттады. Соның ішінде, аққауданды қырыққабат – 12,9%-ға, тәтті бұрыш – 6,6%-ға, картоп – 4,1%-ға, қияр мен қызанақ – 2,9-3,5%-ға, басты пияз – 3,5%-ға, сәбіз – 1,6%-ға өсті. Сонымен қатар, қызылша бағасы 4,5%-ға арзандады.
Жаңа піскен жемістердің бағасы 1,7%-ға өсті, бұған бананның – 4,1%-ға, жүзім, лимон және алмұрттың – 1,3-1,8%-ға, алманың – 1,2%-ға қымбаттауы себепші болды.

Ұн 0,4%-ға (жоғарғы сұрыпты бидай ұны – 0,5%-ға), макарон өнімдері – 0,2%-ға қымбаттады.
Нанның құны 0,2%-ға, қара бидай және қара бидай-бидай нанының 2%-ға, жоғарғы сұрыпты – 0,1%-ға қымбаттауынан өсті.
Сұлы жармасының бағасы 0,8%-ға, ұнтақ жарма – 0,1%-ға өсті. Сонымен қатар, қарақұмық жармасының – 4,5%-ға, шикі сөктің – 2,8%-ға, арпа жармасының – 0,1%-ға арзандауы жалпы жарма өнімдерінің – 2,3%-ға арзандауына себепші болды. Күріштің құны 2,6%-ға арзандады.

Ет және ет өнімдерінің бағасы 0,3%-ға арзандады, соның ішінде, құс еті – 1,5%-ға, сиыр еті – 0,3%-ға арзандады. Сонымен қатар, қатар қой еті, шошқа, шұжықтар және еттен дайындалған өнімдер – 0,2%-дан қымбаттады.
Балық және теңіз өнімдерінің бағалары 0,8%-ға, теңіз өнімдерінің – 2%-ға, жас және салқындатылған балық– 1,5%-ға, өңделген және консервіленген балықтар – 0,4%-ға өсті.

Май және тоңмай өнімдері 0,7%-ға өсті, бұған сары майдың – 1,5%-ға, күнбағыс майының – 0,2%-ға өсуі себепші болды.
Сүт өнімдері 0,5%-ға қымбаттады, соның ішінде, ұзақ мерзімде сақталатын сүт – 1,3%-ға, кілегей – 1,5%-ға, ашытылған сүт өнімдері – 0,6%-ға өсті.
Алкогольді сусындардың бағасының өсімі 0,6%-ға өсті (арақ – 1,4%, коньяк – 1,2%), алкогольсіз сусындар – 0,3%-ға өсті, соның ішінде кофе –0,8%-ға, чай – 0,3%-ға қымбаттады.
Табак өнімдері (фильтрлі сигареттер) 2,9%-ға қымбаттады.

Жұмыртқа бағасы 2%-ға өсті, ал қант – 1,2%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлары

Өткен айға қарағанда азық-түлік емес тобындағы тауарларыдың бағалары көліктер – 1,6%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 1%-ға, жуғыш-тазалағыш құралдар – 0,6%-ға, ыдыстар, киім және аяқ киім – 0,4%-дан, жеке күтім тауарлары, тұрмыстық құралдар, жиһаз, тұрмыстық тоқыма бұйымдары – 0,3%-дан өсті.
Жанар-жағар май материалдарының бағаларында дизелді отын – 0,3%-ға қымбаттады, ал А-95, 96 бензині – 0,1%-ға арзандады.

Ақылы қызметтер

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер саласындағы тұрмыстық-коммуналдық қызметтер – 3,8%-ға, бұған жылыту орталығының – 8,3%-ға, ыстық су төлемінің – 7,1%-ға, үйді күтіп ұстауға арналған шығындардың – 6,1%-ға қымбаттауы себепші болды.
Құқық және сақтандыру қызметтері 5,9-6%-ға өсті.
Көлік қызметтерінің тарифтері 1,2%-ға төмендеді, бұл орайда ұшақ билеттері – 25,7%-ға өсті, ал қалааралық поездардың билеті – 31,1%-ға, алыс жол жүретін пойыздардың билеттері – 3,7%-ға арзандады.

пайызбен

 

2018 жылғы қаңтар

Анықтамалы түрде:
2017 жылғы қаңтар
2016 жылғы желтоқсанға

2017 жылғы желтоқсанға

2017 жылғы қаңтарға

Барлық тауарлар мен қызметтер

100,7

106,9

100,8

Азық-түлік тауарлары

100,5

106,3

101,5

Азық-түлік емес тауарлары

100,4

107,9

100,6

Ақылы қызметтер

101,2

106,6

100,4

 


Әдіснамалық түсініктемелер

Тұтыну бағаларының индексі құнсыздану деңгейін сипаттап, халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің жиынтығы 510 айқындама қамтиды. Бағаларды тіркеу сауда және қызмет көрсету салаларындағы қаладағы әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың іріктелген желісі бойынша жүргізіледі.

 

 

www.stat.gov.kz/almaty – Жаңалықтар

Орындаушы:
Нүсіпбекова И.Қ.
Тел. +7 (727)376-03-92

Басқарма басшысы:
Дацевич Л.Б.
Тел. +7 (727)376-03-92

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

 

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter