Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2017 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласындағы құнсыздану

2017 жылғы желтоқсанда тұтыну бағаларының индексі қарашаға қарағанда 101,1%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары – 1,4%-ға, ақылы қызметтер – 1,3%- ға, азық-түлік емес тауарлары – 0,6%- ға өсті.

Алматы қаласындағы құнсыздану

өткен айға, пайызбен

Инфляция_122017

 Азық-түлік тауарлары

Азық-түлік тауарлары тобындағы бағалар серпінінде 2017 жылғы желтоқсанда елеулі әсерін жаңа піскен көкөністердің бағалары 13,4%-ға қымбаттады. Бұл орайда, тәтті бұрыш, қияр мен қызанақ – 34,2-дан 38,5%-ға, қырыққабат – 12,9%-ға, басты пияз – 5,8%-ға, қызылша – 0,4%-ға өсті. Сонымен қатар, сәбіз – 4,7%-ға, картоп – 3,4%-ға арзандады. Жаңа піскен жемістердің бағасы 4,1%-ға қымбаттады.
Жармалардың бағалары 0,4%-ға өсті, бұған арпа жармасы – 1,9%-ға, ұнтақ және тары жармалары – 0,8%-дан қымбаттауы себепші болды, керісінше, қарақұмық жармасы – 0,2%-ға арзандады. Ұнның бағасы – 2,8%-ға арзандады, соның ішінде жоғарғы сұрыпты бидай ұны – 3,8%-ға, бірінші сұрыпты – 0,4%-ға төмендеді. Макарон өнімдері – 0,5%-ға қымбаттады, бұған кеспе – 0,8%-ға, қысқа түтікті кеспе – 0,7%-ға өскені себепші болды. Кондитер өнімдері бағасының өсімі 1,5%-ды құрады, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері – 0,3%-ға қымбаттады.
Ет және ет өнімдерінің бағасы 0,7%-ға өсті, соның ішінде, сиыр еті – 1,1%-ға, шұжық және еттен жасалған өнімдер – 1,5%-ға қымбаттады, ал құс еті – 0,7%-ға арзандады. Балық және теңіз өнімдерінің бағалары – 1,6%-ға өсті.
Сүт өнімдері 1,1%-ға қымбаттады, соның ішінде, ұзақ мерзімде сақталатын сүт – 2,5%-ға, шикі сүт – 1,5%-ға,пастерленген сүт – 1,2%-ға; ірімшік және сүзбе – 1%-ға, ашытылған сүт өнімдері (айран, қатық, қымыз) – 0,5%-ға өсті.
Алкогольді сусындардың бағасының өсімі 2,5%-ды құрады (арақ – 5,2%, коньяк – 2,9%-ға, сыра – 1,5%-ға шарап – 0,8%), алкогольсіз сусындар – 0,8%-ға өсті, салқын сусындар – 3,7%-ға, кофе, чай, какао – 0,4%-ға, жеміс және көкеніс шырындары, миниралды және ауыз сулар – 0,2%-дан 0,3%-ға қымбаттады.
Табак өнімдері (фильтрлі сигареттер) 1,4%-ға қымбаттады.
Қант құны – 2,9%-ға төмендеді, ал жұмыртқа бағасы 1,6%-ға өсті.

 

Азық-түлік емес тауарлары

Өткен айға қарағанда азық-түлік емес тобындағы тауарлардың бағалары киім және аяқ киім – 1,5%-ға, тұрмыстық техникалар және ыдыстар – 0,9%-дан, көліктер – 0,8%-ға, жеке күтім тауарлары – 0,7%-ға, фармацевтикалық өнімдер, жуғыш-тазалағыш құралдар, тұрмыстық тоқыма бұйымдары – 0,6%-дан, жиһаз – 0,5%-ға өсті.
Жанар-жағар май материалдарының бағалары – 1,3%-ға арзандады, бұған А-92 бензині – 1,7%-ға, дизелді отынның – 0,2%-ға төмендеуі себепші болды.

 

Ақылы қызметтер

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер саласындағы шаштараз және жеке қызмет ету орындары – 7,6%-ға, тұрмыстық қызметтер – 2,4%-дан 7,3%-ға, (химиялық тазалау, киім және аяқ-киім жөндеу, тұрмыстық техникалар, тұрғын-үйлер), мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтері – 4,9%-ға өсті.
Амбулатуралық қызметтер 0,5%-ға қымбаттады, соның ішінде дәрігер мамандарының қызметтері, медициналық сараптамалар – 0,9%-дан өсті. Білім беру қызметтерінің тарифтері 0,5%-ға өсті, бұған бала-бақша төлемінің – 1,3%-ға қымбаттауы себепші болды.
Банктер көрсететеін қаржы қызметтері 3,7%-ға қымбаттады, соның ішінде қызмет көрсету карточкаларының тарифтері 5,3%-ға, коммуналдық қызметтерге төлем үшін төлемдер жүргізу – 3,7%-ға өсті.
Пәтер-үйді жалдау ақысы 0,4%-ға төмендеді, соның ішінде жақсы жабдықталмаған пәтер-үйді жалдау тарифтері – 1,4%-ға арзандады.
Көлік қызметтерінің тарифтері 1,4%-ға өсті, бұл орайда ұшақ билеттері – 12,1%-ға, такси жол ақысы – 2,2%-ға, алыс жол жүретін пойыздардың билеттері – 0,7%-ға қымбаттады.

 

пайызбен

 

2017 жылғы желтоқсан

2017 жылғы
қаңтар-желтоқсан
2016 жылғы
қаңтар-желтоқсанға

Анықтамалы түрде: 2016 жылғы желтоқсан
2015 жылғы желтоқсанға

2017 жылғы
қарашаға

2016 жылғы
желтоқсанға

Барлық тауарлар мен қызметтер

101,1

107,1

107,1

108,0

Азық-түлік тауарлары

101,4

107,2

108,7

109,3

Азық-түлік емес тауарлары

100,6

108,1

106,9

110,2

Ақылы қызметтер

101,3

105,8

105,5

104,3

 
Әдіснамалық түсініктемелер
Тұтыну бағаларының индексі құнсыздану деңгейін сипаттап, халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің жиынтығы 510 айқындама қамтиды. Бағаларды тіркеу сауда және қызмет көрсету салаларындағы қаладағы әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың іріктелген желісі бойынша жүргізіледі.

  

 

 

www.stat.gov.kz/almaty – Жаңалықтар

Орындаушы:
Нүсіпбекова И.Қ.
Тел. +7 (727)376-03-92

Басқарма басшысы:
Дацевич Л.Б.
Тел. +7 (727)376-03-92

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

 

 

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter