Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2017 жылғы қаңтар-маусымдағы Алматы қаласындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқаша қорытындылары

Тұрмыс деңгейі

2017 жылғы I-ші тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бағалауы бойынша 121634 теңгені құрады, бұл 2016 жылғы I-ші тоқсанға қарағанда 9,6% жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 2,1%-ға  өсті.

Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу

2017 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 50 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші (экономикалық белсенді халық) санына 5,3% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы маусымның соңына 4415 адамды құрады немесе жұмыс күшіне (экономикалық белсенді халық) 0,5%.

2017 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 179822 теңгені құрады.

Бағалар

Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылғы маусымға 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары – 5,1%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағалары – 2,7%-ға, ақылы қызметтердің – 2,6%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2017 жылғы маусымға 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6%-ға өсті.

Өңірлік экономика

2017 жылғы 1 тоқсанда жалпы өңірлік өнім көлемі 2147,8 млрд. теңгені құрды. 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ-нің өсуі 4% құрды. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 6,7% құрады, қызмет көрсету – 86,3%.

2017 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 235758,1 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 12,2%-ға артық.

2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 114 832 бірлікті құрап, 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,9%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 113 030 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 61 951 құрады, оның ішінде 60 481 бірлік – шағын кәсіпорындар.

Сауда

2017 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі 1145,5 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 6,8%-ға көбейді.

2017 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 4214,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 100,7%.

Экономиканың ңакты секторы

2017 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 395,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымнан 4,7%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4,3%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 7,8%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 3,4%-ға кеміді.

2017 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1097,3 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 62,8%-ға артты.

2017 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 98176,5 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 0,7%-ға артық.

2017 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 10045 млн. ткм құрап. Жолаушылар айналымының көлемі 17255 млн. жкм құрады.

Қаржы жүйесі

2017 жылғы I тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 385,9 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 21,4%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 38,8%-ды құрады.

 

www.stat.gov.kz/almaty - Жаңалықтар

 

Шығаруға жауапты:
Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы

Басқарма басшысы:
Рысбаев.Е.Т.
Тел.
+7 (727)376-04-45

Орындаушы: Аблезова А.Н.
Тел. +7(727)376-04-45
E-mail: almastat@statdata.kz

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

 © Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter