Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2017 жылғы қаңтардағы Алматы қаласындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқаша қорытындылары

ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ

2016 жылғы III-ші тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бағалауы бойынша 117139 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы III-ші тоқсанға қарағанда 7,9% өсті, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 8,7%-ға  азайды.

 

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

2016 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 48,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші (экономикалық белсенді халық) санына 5,3% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы қантардың соңына 1700 адамды құрады немесе жұмыс күшіне (экономикалық белсенді халық) 0,2%.

2016 жылғы ІV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 196881 теңгені құрады.

 

БАҒАЛАР

Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары – 1,5%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағалары – 0,6%-ға, ақылы қызметтердің – 0,4%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.

 

ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКА

2016 жылғы 9 айға есепті деректер бойынша Жалпы ішкі өнім көлемі 6349,2 млрд. теңгені құрды. 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің өсуі 2,2% құрады. ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖІӨ-нен 7,1% құрады, қызмет көрсету – 86,8%.

2017 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 35102,9 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 77,7%-ға артық.

2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 111280 бірлікті құрап, 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,5%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 109336 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 62411 құрады, оның ішінде 60800 бірлік – шағын кәсіпорындар.

САУДА

2017 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 177,1 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,5%-ға көбейді.

2017 жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 589,2 млрд. теңгені құрап 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,4%-ға артты.

 

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

2017 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 59,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтардан 4,1%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 3,6%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 7,6%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,9%-ға кеміді.

2017 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 108 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 13,9%-ға кеміді.

2017 жылғы қаңтарда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 5121,4 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 18%-ға кем.

2017 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 1669,6 млн. ткм құрап, 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 2925 млн. жкм құрап, 0,6% артты.

 

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

2016 жылғы III тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 371,8 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 18,3%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 30,5%-ды құрады.

 

www.stat.gov.kz/almaty - Жаңалықтар  

Шығаруға жауапты: Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы

Басқарма басшысы:
Рысбаев.Е.Т.
Тел. +7 (727)376-04-45

Орындаушы: Аблезова А.Н.
тел. +7(727)376-04-45
E-mail: almastat@statdata.kz

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

 © Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

Портал бойынша іздеу
«КАЗСТАТ» жобасы
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter