Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2017 жылғы қыркүйектегі Алматы қаласындағы құнсыздану 

2017 жылғы қыркүйекте тұтыну бағаларының индексі тамызға қарағанда 100,4%-ды құрады. Азық-түлік емес тауарларының бағасы мен тарифтері 1%-ға, ақылы қызметтер – 0,8%-ға өсті, ал азық-түлік тауарлар – 0,5%-ға төмендеді.   

Алматы қаласындағы құнсыздану

өткен айға, пайызбен

инфляция за сентябрь 2017 рус

Азық-түлік тауарлары

Азық-түлік тауарлары тобындағы бағалар серпінінде 2017 жылғы қыркүйекте елеулі әсерін жаңа піскен көкөністердің бағалары 14,1%-ға төмендегені әсер етті. Соның ішінде, тәтті бұрыш – 24,9%-ға, басты пияз – 24,8%-ға, сәбіз – 12,5%-ға, аққауданды қырыққабат – 9,7%-ға, қызылша – 8,8%-ға арзандады. Сонымен қатар, қияр мен қызанақтың құны 1,7-7,8%-ға өсті. Жаңа піскен жемістердің бағасы 1,8%-ға арзандады.

Жармалардың бағалары 3,1%-ға төмендеді, соның ішінде қарақұмық жармасы – 5,3%-ға, сұлы жармасы – 2,8%-ға, арпа жармасы – 1,9%-ға арзандады, ал ұнтақ жармасы – 0,4%-ға қымбаттады. Күріштің құны 1,2%-ға төмендеді.

Бөлке және ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің өсімі 1%-ды құрады, кондитерлік өнімдер – 0,5%-ға өсті.

Тоңмай өнімдерінің құны 2,5%-ға өсті, соның ішінде сары май – 3,4%-ға, күнбағыс майы – 2,2%-ға, зәйтүн майы – 1,5%-ға қымбаттады.

Ет және ет өнімдерінің бағасы 0,8%-ға өсті, сонымен қатар, шошқа еті – 1,6%-ға, сиыр еті – 1,1%-ға, қой еті – 0,1%-ға, шұжықтар мен ет өнімдері – 1,4%-ға қымбаттады. Керісінше, құс еті 0,3%-ға арзандады. Балық және теңіз өнімдерінің бағалары – 1,7%-ға өсті.

Сүт өнімдері 1,1%-ға қымбаттады, соның ішінде, ұзақ мерзімде сақталатын сүт өнімдері – 1,8%-ға, пастерленген сүт – 1,1%-ға, шикі сүт – 0,6%-ға, ірімшік және сүзбе – 1,4%-ға, ашытылған сүт өнімдері – 0,7%-ға өсті.

Алкогольді сусындардың бағасының өсімі 1%-ды құрады (коньяк – 2,6%-ға, шарап – 1,6%-ға, арақ – 1,3%-ға), алкогольсіз сусындар – 0,6%-ға, соның ішінде кофе, шәй, какао – 0,8%-ға, минералды және ауыз су – 0,7%-ға, салқындатқыш сусындар – 0,2%-ға, өсті. Табак өнімдері (фильтрлі сигареттер) 0,3%-ға қымбаттады.

Қант құны – 15,6%-ға төмендеді. Жұмыртқа бағасы өзгеріссіз қалды.

Азық-түлік емес тауарлары

Өткен айға қарағанда азық-түлік емес тобындағы тауарларыдың бағалары жиһаз – 1,4%-ға, жеке күтім тауарлары, кеңсе тауарлары – 1,3%-дан, көліктер, тұрмыстық тоқыма бұйымдары – 1,2%-дан, ыдыс – 1%-ға, киім және аяқ киім – 0,7%-ға өсті.

Тас көмір құны 5,7%-ға өсті.

Жанар-жағар май материалдарының бағалары – 2%-ға қымбаттады, бұған А-92 – 2,2%-ға, А-98 – 1,8%-ға, А-95, 96 – на 1,1%-ға, дизелді отынның – 1,9%-ға өсуі себепші болды.

Ақылы қызметтер

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер саласындағы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бағалары – 0,4%-ға өсті, бұған газға төленетін төлем, бөлінетін желілер бойынша тасмалданатын газдың – 6,6%- ға қымбаттауы себепші болды.

Білім беру қызметтері 2,8%-ға қымбаттады, бұған үлкендерге арналған білім беру (кәсіптік курстар) – 7,3%-ға, жоғары білім беру құны – 5,2%-ға, жалпы орта білім беру құны – 2,2%-ға, кәсіптік орта білім және балаларды дамыту орталықтарының құны – 1%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметі – 0,9%-ға өскені себепші болды.

Амбулаторлық қызмет құны 1,7%-ға қымбаттады, соның ішінде медициналық зертхана қызметтері – 2,2%-ға, амбулаторлық дәрігер, стоматологиялық қызметтер (тіс жұлу, тіс жегін емдеу) – 1,4%-дан өсті. Демалыс орындар қызметтері 3,1%-ға арзандады.

Банктер көрсететеін қаржы қызметтері 9,2%-ға қымбаттады, соның ішінде төлем үшін төлемдер жүргізу – 20,7%-ға өсті

Салттық қызметтері 2,7%-ға өсті.

Көлік қызметтерінің тарифтері 0,3%-ға арзандады, бұл орайда ұшақ билеттері – 3,8%-ға төмендеді, алыс жол жүретін пойыздардың билеттері – 0,1%-ға қымбаттады.

пайызбен

 

2017 жылғы қыркүйек

2017 жылғы
қаңтар-қыркүйек
2016 жылғы
қаңтар-қыркүйекке

Анықтамалы түрде:
2016 жылғы қыркүйек
2015 жылғы желтоқсанға

2017 жылғы
тамызға

2016 жылғы
желтоқсанға

2016 жылғы
қыркүйекке

Барлық тауарлар мен қызметтер

100,4

104,0

106,5

107,1

105,4

Азық-түлік тауарлары

99,5

103,3

107,2

108,9

105,3

Азық-түлік емес тауарлары

101,0

105,1

106,6

106,6

108,7

Ақылы қызметтер

100,8

103,7

105,7

105,4

102,3

 

Әдіснамалық түсініктемелер 

Тұтыну бағаларының индексі құнсыздану деңгейін сипаттап, халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің жиынтығы 510 айқындама қамтиды. Бағаларды тіркеу сауда және қызмет көрсету салаларындағы қаладағы әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың іріктелген желісі бойынша жүргізіледі.

   

 

www.stat.gov.kz/almaty – Жаңалықтар 

Орындаушы:
Нүсіпбекова И.Қ.
Тел. +7 (727)376-03-92

Басқарма басшысы:
Дацевич Л.Б.
Тел. +7 (727)376-03-92

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter