Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2017 жылғы қаңтар-мамырдағы Алматы қаласындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқаша қорытындылары

Тұрмыс деңгейі

 

2016 жылғы IV-ші тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бағалауы бойынша 131124 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы IV-ші тоқсанға қарағанда 6,9% өсті, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 2,7%-ға  азайды.

Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу

2017 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 50 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші (экономикалық белсенді халық) санына 5,3% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы мамырдың соңына 3774 адамды құрады немесе жұмыс күшіне (экономикалық белсенді халық) 0,4%.

2017 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 179822 теңгені құрады.

Бағалар

Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылғы мамырға 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,2% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары – 4,7%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағалары – 2,3%-ға, ақылы қызметтердің – 2,2%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2017 жылғы мамырға 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,8%-ға өсті.

Өңірлік экономика

2016 жылғы есепті алдын ала деректер бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 10312,4 млрд. теңгені құрды. 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ-нің өсуі 2,6% құрды. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 6,8% құрады, қызмет көрсету – 87,8%.

2017 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 183670,2 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 11,1%-ға артық.

2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 114106 бірлікті құрап, 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,8%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 112304 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 62825 құрады, оның ішінде 61342 бірлік – шағын кәсіпорындар.

Сауда

2017 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 937,7 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 7,4%-ға көбейді.

2017 жылғы қаңтар-мамырда көтерме сауда көлемі 3305,5 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 100%.

Экономиканың ңакты секторы

2017 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 338,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-мамырдан 4,6%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4,2%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 7,6%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 4,5%-ға кеміді.

2017 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 838,5 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 38,9%-ға артты.

2017 жылғы қаңтар-мамырда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 58925,9 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 10,1%-ға кем.

2017 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 8198 млн. ткм құрап. Жолаушылар айналымының көлемі 14542 млн. жкм құрады.

Қаржы жүйесі

2016 жылғы IV тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 290,7 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 12.8%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 33%-ды құрады.

 

 

www.stat.gov.kz/almaty - Жаңалықтар

Шығаруға жауапты:
Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы

Басқарма басшысы:
Рысбаев.Е.Т.
Тел. +7 (727)376-04-45

Орындаушы:
Аблезова А.Н.
Тел. +7(727)376-04-45
E-mail: almastat@statdata.kz

Мекенжай:
050008, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 125

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter