Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2017 жылғы қаңтар-наурыздағы Алматы қаласындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқаша қорытындылары

ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ

2016 жылғы IV-ші тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бағалауы бойынша 131124 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы IV-ші тоқсанға қарағанда 6,9%-ға өсті, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 2,7%-ға  азайды.

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

2016 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 48,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші (экономикалық белсенді халық) санына 5,3% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы наурыздың соңына 2940 адамды құрады немесе жұмыс күшіне (экономикалық белсенді халық) 0,3%.

2016 жылғы ІV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 196881 теңгені құрады.

БАҒАЛАР

Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылғы наурызда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,1% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары – 3,4%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағалары – 1,5%-ға, ақылы қызметтердің – 1%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2017 жылғы наурызда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,9%-ға өсті.

ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКА

2016 жылғы 9 айға есепті деректер бойынша Жалпы ішкі өнім көлемі 6349,2 млрд. теңгені құрды. 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің өсуі 2,2%-да құрады. ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖІӨ-нен 7,1%-да құрады, қызмет көрсету – 86,8%.

2017 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 100744,6 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 13,1%-ға артық.

2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 112729 бірлікті құрап, 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,8%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 110865 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 64711 құрады, оның ішінде 63166 бірлік – шағын кәсіпорындар.

САУДА

2017 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 546,2 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 8,6%-ға көбейді.

2017 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 1830,4 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 100%.

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

2017 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 198,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-наурыздан 4,5%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4,4%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 5,4%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 0,6%-ға кеміді.

2017 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 336 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 6,3%-ға кеміді.

2017 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 19421 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 1,6%-ға артық.

2017 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 4667,4 млн. ткм құрап, 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеді. Жолаушылар айналымының көлемі 8627 млн. жкм құрап, 0,1% артты

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

2016 жылғы IV тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 290,7 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 12,8%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 33%-ды құрады.

 

www.stat.gov.kz/almaty - Жаңалықтар  

 

Шығаруға жауапты:
Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы

Басқарма басшысы:
Рысбаев.Е.Т.
Тел. +7 (727)376-04-45

Орындаушы: Аблезова А.Н.
Тел. +7(727)376-04-45
 E-mail: almastat@statdata.kz

Мекенжай:
050008, 
Алматы
қ
аласы
Абай даңғылы, 125

 © Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті
 

Портал бойынша іздеу
«КАЗСТАТ» жобасы
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter