Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

жаңа терезеде ашу

Алматы қаласының Статистика департаменті

1987 және 1998 жылдар аралығындағы кезең ішінде ҚР Президентінің Жарлықтары және ҚР Үкіметінің қаулыларымен Республиканың статистикалық органдары әлденеше рет реформалаудан өткен болатын. ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы «ҚР Статистика агенттігінің аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына және ҚР Статистика агенттігінің 1999 жылғы 18 мамырдағы бұйрығына сәйкес № 59 Алматы қалалық статистика басқармасы бөліну арқылы Алматы қаласының Статистика басқармасы, Алматы қаласының Ақпараттық-статистикалық орталығы (АСО) және ҚР Статистика агенттігі Ақпараттық-есептеу орталығының «Алматы қаласының Статистика есептеу орталығы» Еншілес мемлекеттік кәсіпорыны (ЕМК) болып қайта ұйымдастырылған, бұл орайда әрбір ұйым нақты айқындалған және өзіне тиісті жұмыс міндеттері және құқықтары бар заңды тұлға мәртебесіне ие болды, бұл міндеттер мен құқықтар осы ұйымдардың Ережелері мен Жарғылық құжаттарында көрсетілген болатын.

Қаланың статистикалық органдарының қызметіне зор үлес қосқан және қосып жүрген
бірінші басшылардың есімдері төменде келтіріледі:

Жылдар

Бірінші басшының ата тегі, аты, әкесінің аты

1933-1936

Артамонов В.Ф.

1936-1948

Грубенко О., Новопашенный, Қайсақов А., Балпанбаева А.Т., Козинец Ф.А., Чернышев С.И., Молоткова Г.И., Тимофеева А.Ф., Митягин В.

1959-1964

Ұндашев Құбжан Ұндашұлы

1965-1974

Низамединов Мухамеджан Низамединович

1975-1986

Қабылбеков Жиембек Болатұлы

1986–2005

Пак Алла Дясуновна

2005-2008

Баянов Нұрман Нұрдәулетұлы

2008-2010 ақпан

Райысов Данар Дулатұлы

2010 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін

Карғұлов Бағлан Абайбекұлы

ҚР Статистика агенттігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 49 Бұйрығының негізінде «Алматы қаласының Статистика басқармасы» ММ-сіне «Алматы қаласы бойынша Статистика департаменті» ММ-сі деген жаңа ат қойылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы №1063 қаулысына және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы №7 бұйрығына сәйкес "Алматы қаласы бойынша Статистика департаменті " мемлекеттік мекемесі "Алматы қаласының Статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы №13 бұйрықтарына сәйкес "Алматы қаласының Статистика департаменті"мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ұлттық экномика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департамент" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыруылына байланысты Департаменттің құрылымында 16 басқарма жұмыс істейді:

1. Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы
2. Персоналды басқару қызметі
3. Заң басқармасы
4. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы
5. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы
6. Тіркелімдер статистикасы басқармасы
7. Респонденттермен жұмыс баскармасы
8. Құрылыс, инвестициялар және ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасы
9. Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы
10. Үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы басқармасы
11. Еңбек статистикасы басқармасы
12. Қызмет көрсету саласының статистика басқармасы
13. Баға статистикасы басқармасы
14. Сауда статистикасы басқармасы
15. Өнеркәсіп статистикасы басқармасы
16. Құрылымдық статистика басқармасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады және жергілікті басқарушы органдарды, заңды және жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен статистикалық деректермен қамтамасыз етеді. Өзінің қызметінде департамент Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және Алматы қаласының Статистика департаменті туралы ережені басшылыққа алады.

Департамент қызметінің мақсаты, Қазақстан Республикасы Үкіметі жыл сайын бекітетін статистикалық жұмыстар жоспарына әйкес, статистикалық байқаулар өткізу болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін департамент заңды тұлғалардан статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген көлем мен мерзімде мемлекеттік статистикалық есептілікті алып тұрады.

Департамент статистикалық тіркелімін жүргізу және жаңғырту жұмысын жургізіп келеді, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтиды.

Департамент қызметінің тағы бір мақсаты өңір статистикасы тараулары бойынша деректер банктерін қалыптастыру және жүргізу болып табылады.

Ақпаратты тұтынушылардың назарына жеткізудегі аса маңызды құрал – бұл статистикалық жарияланымдар: атап айтқанда, «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» ай сайынғы журналы, барлық статистика салалары жөніндегі статистикалық бюллетендер, жинақтар және талдау жазбахаттары, сондай-ақ қаладағы бұқаралық ақпарат құралдарына берілетін баспасөз хабарламалары. Бұдан басқа Алматы қаласының Статистика департаменті мезгіл-мезгіл қала кәсіпорындары, ұйымдары мен оқу орындарының өкілдеріне арналған «Ашық есіктер күндерін» өткізіп келеді, бұл шаралардың мақсаты қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелерімен, департаменттің түсіп тұратын статистикалық деректерді жинау және өңдеу қызметімен таныстыру, сондай-ақ статистикалық ақпаратты тарату және пайдаланушылардың назарына жеткізу болып табылады.

 

Портал бойынша іздеу
«КАЗСТАТ» жобасы
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Орынбор даңғылы, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Техническая поддержка респондентов
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter