Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Iрі және орта кәсіпорындардағы кадрлар саны мен қажеттілігі туралы

Қызметтердің кәсіптік топтары, экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде бос жұмыс орындары мен кадрларға қажеттілікті анықтау үшін Ақтөбе облысының Статистика департаменті “Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілігі және саны туралы есеп” статистикалық нысаны бойынша статистикалық байқауды жүргізеді.
Аталған нысан бойынша статистикалық ақпаратты жинау қаржы және сақтандыру қызметінен; мемлекеттік басқару және қорғаныстан; міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуден; өзге де қызмет түрлерін ұсынатын қызметтен; аумақтан тыс ұйымдардың және органдардың қызметінен басқа экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыратын ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардан жүргізіледі.
Кәсіптік топтардың тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамыр №130-од бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық қызметтер жіктеуішіне сәйкес анықталған.
Бос жұмыс орындар туралы мәліметтерді қалыптастыру кезінде ағымдағы жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлердің жұмыстан босатылуына байланысты босаған бос жұмыс орындар, және жаңадан құрылған жұмыс орындары ескерілген.
Кадрларға күтілетін қажеттілікті анықтау кезінде ағымдағы жылы кәсіпорынның қызметін кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру үшін қажет қызметкерлердің болжамды қосымша саны есепке алынды.

Iрі және орта кәсіпорындардағы кадрлар саны мен қажеттілігі туралы-

Осы байқаудың нәтижелері бойынша 2019 жылғы 1 қаңтарға зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің тізімдік саны 127,6 мың адамды, бос жұмыс орындар саны 667 бірлікті құрады. Қызметкерлердің тізімдік санындағы бос жұмыс орындардың үлесі 0,5% құрады.
Бос орындардың басым көпшілігі “кәсіби мамандар” қызметтің кәсіпкерлік тобы бойынша белгіленді – 155 бірлік, бос жұмыс орындарының жалпы санынан олардың үлесі 23,2% құрады. “Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары” кәсіптік топ бойынша бос орындар саны 152 бірлікті, “өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылары және жүргізушілер” - 129 бірлікті құрады.

Экономикалық қызмет түрлері және меншікнысандары бойынша
бос жұмыс орындары мен қызметкерлерге күтілетін қажеттілік

 

 

Есепті кезеңнің басына бос жұмыс орындар саны, бірлік

Есепті кезеңге қызметкерлерге күтілетін қажеттілік, адам 

 
 

Барлығы

   667

-

 

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

-

-

 

Өнеркәсіп

   330

-

 

Құрылыс

   2

-

 

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

x

-

 

Көлік және қоймалау

   127

-

 

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

-

-

 

Ақпарат және байланыс

   13

-

 

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын  операциялар

   20

-

 

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

x

-

 

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

   37

-

 

Білім беру

   69

-

 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

   14

-

 

Өнер, ойын-сауық  және демалыс

x

-

 

*х - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV “Мемлекеттік статистика туралы” Заңының 8-бабының  5 тармағына сәйкес  “Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы алғашқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және деректер базалары құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін”.

Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде бос жұмыс орындарының едәуір көп саны өнеркәсіп саласында – 330 бірлік, көлік және қоймалау – 127 бірлік, ең азы құрылыста – 2 бірлік белгіленді.
Осы байқау бойынша алынған корытындыларды қызметтердің кәсіптік топтары, экономикалық қызмет түрлері және меншік нысандары бойынша қызметкерлердің құрылымына, бос жұмыс орындарын және қызметкерлерге қажеттілікті талдау жасау үшін қолдануылуы мүмкін.
“Ірі және орта кәсіпорындарда кадрлардағы қажеттілігі және саны” бюллетенінің электрондық нұсқасы www.aktobe.stat.gov.kz сайтында “Ресми статистикалық ақпарат” бөліміндегі “Еңбек” бөлімшесінде орналастырылған.


Статистикалық байқау кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда жекелеген экономикалық қызметтің түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша жыл сайын жүргізіледі.

                             Баспасөз-хабарламасы
 

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter