Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2019  жылғы қаңтар-наурызда  Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының  қысқаша қорытындылары

2018 жылғы IV тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 83454 теңгені құрады. 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар 5,7% өсті және нақты ақшалай табыстар 0,3% жоғары.

2019  жылғы наурыздың  аяғында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 5,6 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 1,3%.

                2018 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 147427 теңгені құрады. 2017 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 6,7%-ға өсті. Нақты жалақы индексі 2017 жылғы IV тоқсанға 101,2%-ды құрады.

                Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,3% құрады. Азық-түлік тауарлар – 4%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,6%-ға бағалар өсті, халыққа ақылы қызмет көрсету бағалары – 1,4% кеміді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,7%-ға қымбаттады.

2019 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 76363,6  млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 17,2%-ға көп. 

          2019 жылғы 1 сәуірге тіркелген заңды тұлғалар саны 17719 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда 4,2% артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12594 немесе тіркелгендер санына қатысты 71,1% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына 98% және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 97,2% құрады. Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 14984 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,1% артты.

2019 жылғы қаңтар-наурызда «Сауда» (көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу) саласы бойынша нақты көлем индексі  104,2% құрды.

2019 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 111791,4 млн. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,3% өсті (салыстырмалы бағада).

                2019 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 216420,1 млн. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 4,7% өсті (салыстырмалы бағада).

                2019 жылғы қаңтар-ақпанда облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 166121,9 мың АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 16,2% азайды, оның ішінде экспорт – 63716,5 мың АҚШ долларын құрады (35,6% азайды), импорт – 102405,4 мың АҚШ долларын құрады (3,2% көбейді).

                2019 жылғы қаңтар-наурызда  өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 428210,9 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 1,2% өсті. Өңдеу өнеркәсібінде көлемі – 6,5%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 54,8% артты. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1,6%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 5,4% кеміді.

                2019 жылғы қаңтар-наурызда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 34807,4 млн. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 4,7% артты.

                  2019 жылғы қаңтар-наурызда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 100,5%-ды құрады.     2019 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі 1376,8 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 3701 млн. жкм құрап, 3,9% артты.

2018 жылғы IV тоқсанда ірі және орта кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 51 млрд. теңге сомасыда анықталды. Пайдалылық деңгейі 5,6% құрады. Есеп берген кәсіпорындардың ішіндегі жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 39,2%.

 

Баспасөз-хабарламасы

              

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter