Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

1 қазан- қарт адамдар Күні

Халықаралық қарттар күні – мейірімділік және құрмет көрсету Күні

                 Ақтөбе облысында әрбір оныншы тұрғынның жасы 60-тан жоғары. 1992 жылғы 1 қазан Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясымен Халықаралық қарттар Күні деп аталды.  Міне, содан бері жыл сайын 1 қазанда біз ата-аналарымыздың, әжелеріміз бен аталарымыздың көңіл-күйіне ерекше ықылас бөлеміз: оларды бүгінгі таңда не ойлантады, олар не туралы армандайды, нені жоспарлайды, неге мұқтаж-  осының бәрі бізді толғандырады.

Герантологияда қабылданған сыныптауышқа сәйкес қарт адамдар санына 60 жастағы және одан жоғары жастағылар жатады. 75 жастан кейін кәрілік жасы басталады, ал жасы 90 және одан жоғарыдағы адамдар ұзақ өмір сүретіндер деп аталады. Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың басына жасы 90-нан 99-дейінгі 869 адам өмір сүріп жатты, тағы да 54 адамның жасы 100 және одан жоғарыдағылар, оның ішінде 18 ер адамдар және 36-әйелдер.

 2018 жылдың басына облыста  еңбекке қабілетті жастан жоғары 87,4 мың адам өмір сүріп жатыр, яғни жасы 63-тегі және одан жоғары ер адамдар және жасы 58-дегі және одан жоғары әйелдер, бұл халықтың 10,2%-дан төмен санын кұрап отыр Еңбекке қабілетті жастан жоғары қала тұрғындарының саны облыс бойынша  55,4 мың адам, ал селолық жерлерде тұратын қарт адамдар саны – 32 мың адам.                                                       

Сонымен бірге бір статистикалық көрсеткіш көп жылдар бойы өзгермей отыр: облыста ерлерге қарағанда әйелдер көп, оның ішінде қарт адамдар арасында да. 2018 жылдың басына қарттық жастағы әйелдер облыстағы әйелдердің барлық санының 14,2% немесе 63,1 мың адамды, ал ер адамдар – 5,8% немесе 24,3 мың адамды құрады, яғни 2,6 есеге аз. Зейнеткерлік жастағы 10 ер адамға орташа есеппен 26 әйелден келіп тұр, бұл ер адамдарға қарағанда әйелдердің өмірінің ұзақтығымен байланысты

Некеге тұрған халықтың жағдайы халық санағын өткізу кезеңінде анықталады. Халық санағының соңғы мәліметтері бойынша ерлердің  77% жасы 60-тан жоғары және қарт әйелдердің  39% күйеулері бар. Некеде тұрған қарт адамдардың басым бөлігі жесір. Жасы 65-тегі және одан жоғары  әйелдері қайтыс болған ерлердің үлесі 20%, жесір әйелдер үлесі - 58% жоғары.  

Алайда,  жасы мен ерлердің жетіспеушілігі отбасын құруға кедергі болып табылмайды. 2017 жылы жасы 60-тағы және одан жоғары 18 әйелдер мен 45 ер адамдар ресми түрде некеге тұрды. Сонымен бірге 46 қарттық жастағы ерлер мен 30  әйелдер ажырасты. Ажырасқандардың басым бөлігі (79,3% ерлерде және  88,2% әйелдерде ) некеде 20 жыл және одан жоғары тұрған отбасылардың үлесінде.

Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың негізгі өмір сүру көзі болып отырған - зейнетақы. Біздің облыста зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталық филиалының мәліметтері бойынша а.ж. 1 шілдесіне 90,1  мың зейнеткерлер тұрып жатты немесе 2017 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 2183 адамға көп. Орташа зейнетақы 53460 теңгені құрады және 2017 жылғы шілдемен салыстырғанда 18,6 % өсті.

Мемлекет жыл сайын зейнеткерлік қамтамасыз етудің біріккен жүйесінен төленетін зейнетақы мөлшерлерін өсіру бойынша шаралар қабылдауда. 2018 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 19,9% өсті және 2017 жылғы 28148 теңгеге қарсы 33745 теңге құрады. 

Зейнеткерлердің өмір сүру деңгейінің маңызды көрсеткіштері болып отырған күнкөріс минимумы, а.ж. тамызда оның мөлшері 27681 теңгені құрады, орташа тағайындалған айлық зейнетақы зейнеткердің күнкөріс минимумының мөлшерінен 1,9 есе жоғары.

Облыс экономикасының әртүрлі салаларында өз табыстарын қолдау үшін 4,6 мыңнан астам зейнеткерлер қызмет атқарады.

Өзін-өзі бағу қабілетін толық немесе жартылай жоғалтқан жалғызілікті және еңбекке қабілеті жоқ азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында  облыста екі интернат үйі жұмыс жасайды. Онда 633 адамға толық мемлекеттік қамтамасыздық жасалып отыр. 

 

 Баспасөз хабарламасы

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter