Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2016 жылғы IV тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 68947 теңгені құрады. 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар 10,1% өсті және нақты ақшалай табыстар 0,7% жоғары.

2017 жылғы мамырдың аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2,8 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі  бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санына 0,1% құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылғы мамырда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,4% құрады. Азық-түлік тауарларына 3,8%-дан, азық-түлік емес тауарларға – 3%-ға, ақылы қызметтерге – 3,3%-ға бағалар артты. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы мамырда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 8% жоғарылады.

2017 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 104957,6 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 25%-ға көп.

 

         Тіркелген заңды тұлғалар саны 2017 жылғы 1 маусымға 16019 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,4% артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 10642 немесе тіркелгендер санына қатысты 66,4% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына 97,8% және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 96,7% құрады. Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 13274 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,9% артты.

2017 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 174954,4 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,8% өсті (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-мамырда көтерме сауда көлемі 259608,6 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 16,4% өсті (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-сәуірде облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 376423 мың АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 66,5% көбейді, оның ішінде экспорт – 175495,2 мың АҚШ долларын құрады (60,9% көбейді), импорт – 200927,8 мың АҚШ долларын құрады (71,7% көбейді).

2017 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 586724 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 4,9% артты. Өңдеу өнеркәсібі – 13,2%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 4,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа 3,4%, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,2% артты.

2017 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 43798,4 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,2% көбейді.

2017 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының көлемі 2266,4 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 6034 жкм құрап, 6,7% артты.

Баспасөз хабарламасы

Портал бойынша іздеу
«КАЗСТАТ» жобасы
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
Жеке кабинет
Логин
Пароль
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter