Облыстың пошталық және курьерлік қызметінің кәсіпорындары 2017 жылғы қаңтар-мамырда жедел мәліметтер бойынша 347,6 млн. теңгеге қызмет көрсетті, олардың ішінде халыққа көрсетілген қызмет – 130,1 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырмалы бағалармен 12,5% және 28,3% көп.
Электр байланысы кәсіпорындары 2017 жылғы қаңтар-мамырда жедел мәліметтер бойынша 4719,4 млн. теңгеге қызмет көрсетті, олардың ішінде халыққа 2690,3 млн. теңгеге қызмет көрсетілді, өткен жылмен салыстырмалы бағалармен 1,4% және 0,3% көп.
Байланыс қызметінен түскен табыстар құрылымында Интернет – 33%, жергілікті телефон байланысы – 19,9%, қалааралық және халықаралық байланыс 9,3% құрады. Табыстардың жалпы көлемінен халыққа көрсетілген байланыс қызметінен түскен табыс 57% құрады.
2017 жылғы қаңтар-мамырда халыққа көрсетілген байланыс қызметінен түскен табыстардың жалпы көлемінен 11,7% - қалааралық және халықаралық байланыс қызметінен, 28,4% - жергілікті телефон байланысынан, 40,4% - Интернет қызметінен түскен табыстар құрады.
Байланыс қызметтерінен түскен табыстар
өткен жылғы тиісті айға пайызбен
Баспасөз хабарламасы