Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастырудың жоспарлары мен шешімдері бойынша ақпарат

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде (Комитет) алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және тарату процесі «е-Статистика»  интеграцияланған ақпараттық жүйе шеңберінде («е-Статистика» ИАЖ) автоматтандырылған. «е-Статистика» ИАЖ респонденттерге жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін  статистикалық есептерді онлайн режимінде жинау,  респонденттердің құпия мәліметтеріне шектеулі қол жетімділікті, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді электронды сақтау,  өзара аса жылдам іс әрекет үшін басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен автоматты интеграциялау, сонымен қатар өзекті және нақты статистикалық ақпаратты қолдануға мүмкіндік беретін «Талдау» аналитикалық жүйесінде айқындалатын  электрондық жариялау мен деректерді талдау сияқты бизнес-процестерді қамтиды.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы «ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба» шеңберінде 2017 жылдың наурызында Жеке пікіртерім компьютерлендірілген жүйесі (ЖПКЖ) енгізілді. Бұл ақпараттық жүйе үй шаруашылықтарының және бағаларды тіркеу бойынша алғашқы деректерді  жинау үшін арналған. Жүйенің басты міндеті – планшеттік құрылғы арқылы бастапқы деректерді жинауды автоматтандыру. Бұл әдіс деректерді енгізу кезінде қателіктерді азайтуға, әртүрлі тасығыштарда деректерді енгізудің қайталануын болдырмау үшін еңбек ресурстарын үнемдеуге, интервьюерлердің жұмысын оңтайландыруға қағаз тасығыштарда нысандарды пайдалануын азайтуға, статистикалық деректердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Орталықтандыру мақсатында ЖПКЖ-ға келіп түскен деректерді сақтау және өңдеу "е-Статистика" ИАЖ-да интеграцияланған.

Сондай-ақ ЖПКЖ сияқты ҚАЗСТАТ жобасы шеңберінде деректерді жинау бойынша Телефондақ пікіртерім компьютерлендірілген жүйесі (ТПКЖ) жаңа әдісін енгізу бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. ТПКЖ құру мақсаты –  телефон пікіртерімі арқылы алыста орналасқан респонденттерден алғашқы деректерді жинауды автоматтандыру болып табылады, соның ішінде ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша. Бұл әдіс респонденттерді қамтудың толықтығын, респонденттерден алынатын есептер мерзімінің қысқартылуын, жүйеге мәліметтерді енгізу уақытын қысқартуды қамтамасыз етеді. Жүйе қазіргі уақытта тәжірибелік пайдалануда, өнеркәсіптік пайдалануғы енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жоғарыда көрсетілген Комитеттің барлық ақпараттық жүйелері Қазақстан Республикасы аумағында қабылданған ақпараттық қауіпсіздік мемлекеттік стандарттары талаптарының сәйкестігіне аттестаталған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 наурыздағы № 434-V "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 39-бабы 3 т. 38)тт. сәйкес статистикалық ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу мен әкімшілендіру бойынша қызметтер «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» (РМК АЕО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағын өткізу дайындығы шеңберінде «е-Статистика» ИАЖ-ды одан әрі дамыту жоспарланып отыр.

 «2018-2020 жылдарға республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы №823 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамыр № 245 қаулысына сәйкес, 2018 жылы РМК АЕО «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйені дамыту»  мемлекеттік тапсырмасының орындаушысы болып тағайындалды. «е-Статистика» ИАЖ-ды дамыту ІТ-нарығының субъектілерін тарту мүмкіндігімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын сақтай отырып конкурстық негізде жүргізілетін болады. IT-нарыққа берілетін қызметтердің құны жалпы жоба құнының 30% құрайды.

Ағымдағы жылы бағдарламалық қамтамасыз етудің отандық әзірлеушілері келесі қызметтер бойынша тартылды:

  • Ұлттық халық санағын жүргізу үшін мобильді қосымшаны әзірлеу;
  • Статистикалық есептерді тапсыру мерзімдерін, сондай-ақ статистикалық нысандар тізімін, есептерді тапсыру тарихын көру үшін респонденттерге арналған мобильді қосымшаны әзірлеу;

Электрондық түрдегі статистикалық нысандарды off-line тәртібінде қабылдау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша қызмет көрсетулерге отандық әзірлеушілерді тарту 2019 жылы жоспарлануда. Осыған байланысты IT-нарықтың қызығушылық танытқан субъектілерін АЕО РМК жүргізетін ашық мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу үшін шақырамыз.

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2018
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter