Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Статистика комитетінің ведомствоға бағынысты ұйымы болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты статистиканың барлық бөлімдері бойынша статистикалық дерекқорды қалыптастыру және енгізу, осы деректерді заңнамада белгіленген тәртіппен пайдаланушыларға ұсыну болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау;
2) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, деректер қорларын және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның Ғаламтор-ресурсын қалыптастыру, сүйемелдеу және өзектендіру;
3) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру және статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты тарату;
4) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру;
5) мемлекеттік органдармен, респонденттер мен статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
6) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасында тиісті саланың уәкілетті органы мен оның аумақтық органдарының ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;
7) тиісті саланың уәкілетті органы мен оның аумақтық органдарының базалық бағдарламалық қамтамасыз етілуін орнату және сүйемелдеу;
8) жаңа статистикалық бақылаулардың нысандарын енгізу бойынша жұмыстарды техникалық және бағдарламалық сүйемелдеу;
9) тиісті саланың уәкілетті органы мен оның аумақтық органдарының компьютерлік және телекоммуникациялық жүйелеріне және техникаға сервистік және техникалық қызмет көрсету, жергілікті есептеу желілерін (ЖЕЖ) құрамалау, серверлерді реттеу, жұмыс станцияларына, көшіру аппараттары мен жедел баспа жабдықтарына жүйелік қызмет көрсету;
10) Кәсіпорынның құзіретіне кіретін, статистикалық ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша ақпараттық-есептеу орталықтарымен, басқа елдердің статистика мемлекеттік органдары және халықаралық ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мен іс-шараларға қатысу;
11) кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайту;
12) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасында Тиісті саланың уәкілетті органы және оның аумақтық органдарының бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құруға, дамытуға, енгізуге және сүйемелдеуге қатысу;
13) статистика саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жөнінде конференцияларды, семинарларды, тренингтерді, курстарды өткізуге қатысу;
14) Тиісті саланың уәкілетті органы мен оның аумақтық органдары үшін электрондық ақпараттық ресурстарын вирусқа қарсы қорғауды және қорғау жүйелерін, мұрағаттауды енгізуді қосып статистикалық деректерді сақтау мен резервтік көшірмелерді құруды ұйымдастыру;
15) Тиісті саланың уәкілетті органы және оның аумақтық органдары үшін статистика мәселелері бойынша журналдарды, ақпараттық бюлеттеньдерді, жинақтарды, анықтамаларды, ақпараттық-жарнамалық материалдарды, ғылыми зерттеулер нәтижелерін, оқу-әдістемелік материалдарды басып шығару, көбейту және тарату;
16) конъюнктуралық сауалнамалар, халықтың тұрмыс деңгейін зерделеу бойынша сауалнамалар жүргізу.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын Рахметов Нұрлыбек Жексенұлы басқарады.

Мекенжай және байланыс деректемелері
Пошта мекенжайы: 010000, Астана қаласы,
Бейбітшілік көшесі 10,
Халықаралық код: 8 (717) 2
Байланыс телефондары: факс 55-24-22
е-mail: info@statdata.kz
Ғаламтор ресурсы: www.statdata.kz

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter