Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Құрметті статистикалық ақпаратты пайдаланушылар!

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты

1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» (инфографика)
2 Көрсетілетін қызметті беруші «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдары
3 Көрсетілетін қызметті тұтынушылар Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі
4 Көрсетілетін қызметтің нысаны Қағаз
5 Көрсетілетін қызметті ұсыну орны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдары (мекенжайлар)
6 Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінеді. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға кезеңділігі көрсетілген өтінішті немесе біржолғы өтінішті беру арқылы ұсынылады.
7 Қажетті құжаттар Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:
1-кезең: жеке және заңды тұлғалар үшін – осы Стандарттың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініштер.
2-кезең: жеке тұлғалар үшін: төлем туралы түбіртек;
заңды тұлғалар үшін: төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы.
8 Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі «Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген бағалар бойынша ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша прейскурант Министрліктің www.economy.gov.kz, Министрліктің Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
9 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
10 Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 1) Мемлекеттік корпорацияда қағаз жеткізгіште не электрондық форматта (сканерленген өтініш) жолданған біржолғы өтініш бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған сәтке дейінгі рұқсат етілетін күту уақыты өтініш берілген сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн.
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініштерді қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
11 Көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру; осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сұратылып отырған статистикалық ақпараттың жоқтығы туралы хабарлама; осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін электрондық нұсқада алу мүмкіндігі ұсынылады.

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәрбіті бойынша ақпарат «электронды үкіметтің» egov.kz веб-порталында да орналасқан.

Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушымен 2015 жылғы 27 наурызда № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік түркеудің тізіліміне 2018 жылғы 15 ақпанда № 16366 болып енгізілді.

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙРЫҚ № 271 2017 жылғы 5 шілде

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙРЫҚ № 140 2018 жылғы 9 сәуір

2015 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызметі туралы есебі

2016 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызметі туралы есебі

2017 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызметі туралы есебі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жасаудың нәтижелері

Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығы

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру»
мемлекеттік қызметін көрсету бойынша шағымдану тәртібі

Көрсетілетінқызметтіберушініңжәне (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданғанжағдайда, шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: 01000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй, «Министрліктерүйі», 4-кіреберіс, телефондар: 8 (7172) 74-91-18, 74-95-07, факстар: 8 (7172) 74-96-10.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

Шағым қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болғанжағдайда) не заңды, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді.

Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына не Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол қаралуға қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым мен жүгіне алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалаужәне бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі:
8 701 222 60 16,
+7 7172 74-90-02
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter