Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Құрметті статистикалық ақпаратты пайдаланушылар!

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде ұсыныстар жинаудың басталуы  туралы хабарлайды

Мемлекеттік қызметтің оңтайландыру және автоматтандыру пікірлері мен ұсыныстары бойынша Комитеттің ресми поштасына kazstat.rk@gmail.com, немесе телефон арқылы: 55-24-52. 74-90-10 жіберуге болады

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты

1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну».
2 Көрсетілетін қызметті беруші «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдары
3 Көрсетілетін қызметті тұтынушылар Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі
4 Көрсетілетін қызметтің нысаны Қағаз жүзінде
5 Көрсетілетін қызметті ұсыну орны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдары (мекенжайлары)
6 Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына немесе оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдарына жүгінеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға шартты жасау немесе біржолғы өтінішті беру жолымен ұсынылады.
7 Қажетті құжаттар Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке тұлғалар үшін:
  • деректемелерді міндетті түрде көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
  • бақылау чегі немесе төлем туралы түбіртек.
2) заңды тұлғалар үшін:
  • деректемелерді міндетті түрде көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
  • бақылау чегі немесе төлемнің жүргізілгені туралы банктің белгісі бар төлем тапсырмасы.
8 Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен бекітілген бағалар бойынша ақылы көрсетіледі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 10161 тіркелді). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша прейскурант Министрліктің www.economy.gov.kz, Комитеттің www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналасқан.
9 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
10 Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 1) Қағаз тасығышта немесе электрондық форматта (сканерленген өтініш) жолданған біржолғы өтініш бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін рұқсат етілетін күту уақыты өтінішті ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн.
2) Шарт жасасқан жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін барынша рұқсат етілетін күту уақыты шартта баяндалады.
11 Көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі: ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпарат.
Көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесінің электрондық нұсқасын (дисктік тасығышта немесе электрондық пошта арқылы) алу мүмкіндігі ұсынылады.

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәрбіті бойынша ақпарат «электронды үкіметтің» egov.kz веб-порталында да орналасқан.

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушымен 2015 жылғы 27 наурызда № 258 бұйрығымен бекітілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты economy.gov.kz веб-порталында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінде орналастырылған. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік түркеудің тізіліміне 2015 жылғы 29 сәуірде № 10883 болып енгізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарт жобасы 2014 жылғы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында egov.kz «электронды үкімет» веб-порталында («Азаматтар мен үкімет» - «Көпшілік талқылау» - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бөлімінде) және Агенттіктің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында жария талқылау үшін орналастырылған, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 109 бұйрығы "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралыМемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарт жобасын жария талқылау барысында стандарт жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулер келіп түспеген (стандарт жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп).

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрімен 2015 жылғы 27 сәуірдегі №359 бұйрығымен бекітілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті economy.gov.kz веб-порталында «Мемлекеттік көрсетілетін» қызметтер бөлімінде орналастырылған. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік түркеудің тізіліміне 2015 жылғы 26 мамырда №11192 болып енгізілді.

2015 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызметі туралы есебі

2016 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызметі туралы есебі

Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығы

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну»
мемлекеттік қызметін көрсету бойынша шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарындағы кеңсеге жауапты тұлғаларға Министрліктің www.egonomy.gov.kz, Комитеттің www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар бойынша не Комитет басшысының атына 010000 Астана қ., Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, 8-қабат, № 816 кабинет мекенжайы бойынша кеңсеге жазбаша нысанда беріледі, телефоны 8 (7172) 74 97 79, 8 (7172) 74 97 89.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарында немесе Агенттікте кеңсеге жауапты тұлғалардың шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып  тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Шағым еркін нысанда ресімделеді.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – толық атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.
Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына және Агенттіктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына шағым жіберуге құқығы бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу және оның көрсетілуі бойынша шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны 1414 арқылы алуға болады.

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
«КАЗСТАТ» жобасы
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 707 755 24 49
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 07
Баспасөз қызметі:
Алимова Д.А.
8 701 555 7859,
+7 7172 74 92 57
e-mail: Di.Alimova@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter