.................................................................................................
Өңірлер
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің өңірлік органдарына 14 облыстық және 3 қалалық (Астана, Алматы және Шымкент қалаларының) статистика департаменттері кіреді. Департаменттер заңды тұлға болып саналады және өз әрекеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларына сай жүзеге асырады. Өңірлік статистикалық департаменттерді Төрайым мен үш орынбасар басқарады. Облыстық (қалалық) департаменттің басшысы департамент аппаратының жұмысын басқарады, статистикалық ақпарат орталығының, республикалық мемлекеттік еншілес кәсіпорынның, есептеу орталығының жеке аудандық (қалалық) статистикалық бөлімдердің іс әрекеттерін қадағалайды
Облыстық (қалалық) статистикалық департаменттер келесі міндеттерді орындайды: - мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты жүргізу; - ғылыми әдістеме және халықаралық стандарттар негізінде ортақ статистикалық ақпараттардың жетілдіруін және әрекет етуін қамтамасыз ету; - статистикалық көрсеткіштердің толық, нақты болуын, сондай ақ статистикалық ақпараттардың уақытында жиналуын қамтамасыз етеді; - мемлекетте болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестерді жан-жақты объективті зерттеу, жалпылау және талдау; - мемлекеттік органдарды, іскер қауымды және қоғамды мемлекет өңірлерінің әлеуметтік экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етеді; - Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген статистикалық жұмыс жоспарына сай статистикалық бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді; - халықаралық стандарттарға сай мемлекеттік статистикалық тіркелімдерді жүргізеді; - өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдайды, статистикалық жинақтарды, бюллетендерді, экономикалық талдауларды және т.б. статистикалық материалдарды шығарады және таратады; - статистикалық ақпараттарды пайдаланушылар мен жұмыс жүргізеді, заңды және жеке тұлғалар үшін өңір бойынша статистикалық ақпараттардың қолжетімді болуын қамтамасыз етеді; - ақпарат жүйелері мен автоматтау және компьютерлеу жабдықтарын құрау бойынша шараларды іске асырады.
Сіздер Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі өңірлік департаменттерінің интернет-ресурстарынан өңірлердің, жекелеген салалар мен облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмыс деңгейі, әлеуметтік салалар және басқа да көкейтесті деректер туралы өздеріңізге қажетті ақпаратты ала аласыздар.
Өңірлік департамент туралы толығырақ білу үшін сол жақтағы тізімнен өңірдің атын таңдаңыз.
1) мемлекеттік статистиканың қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
2) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру