Загрузка...
Перейти к содержимому
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

жаңа терезеде ашу

Комитеттің бос орындары

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс,
анықтама үшін телефон: (8-7172) 74-94-46
электрондық адрес: g.dosybaeva@economy.gov.kz

Досыбаева Гүлнар Әмірәліқызы,
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Персоналды басқару қызметінің бас сарапшысы

Соңғы өзгертулер 04/04/2017

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Алматы қаласының Статистика департаменті,
050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125,
анықтама үшін телефон: (727) 375-21-88
электронды  почта a.berkimbaeva@economy.gov.kz
 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

С-О-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары

Санаты Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
С-О-3 123257, 48 166564, 16

1. Персоналды басқару қызметінің басшысы (С-О-3 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2019 жылдың 30 желтоқсанына дейінгі бала күтімі демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттер: Заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Мемлекет туралы заңдылығын орындауға құрылымды бөлімшелердің қызметін үйлестіру; кадрлық мәселелер бойынша тәртіптік, аттестациялық, конкурстық және тағы басқа комиссиялардың қызметін ұйымдастыру; аттестация өткізу және конкурсты іріктеу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлерді қызметпен жылжыту, мемлекеттік қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту, мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босату; кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, бұйрықтардың жобасын дайындауға қатысу, мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметті өтуіне байланысты құжаттарды рәсімдеу; мемлекеттік қызметке келуіне байланысты шектеулерді сақтауды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлерді сынақ мерзімін өткізуді, тәлімгерлікті, қызметті бағалау, оқыту, қайта даярлау (қайта маманды алу) және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметкерлердің көтермелеу түрлерін және оны қолдану тәртібін әзірлеу; мемлекеттік қызметкерлердің жеке деректерін, бағалау нәтижелерінің мәліметтерін, аттестация мен оқуды өткенін есепке алуды жүзеге асыру; жоғары тұрған органдарға есептілікті (апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) белгіленген тәртіппен дайындау және ұсыну; қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыра білу және оны бақылау, атқарымдық міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; іс жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияны заңдылықтарда белгіленген тәртіппен сақталуын қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: құқық саласындағы немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы не «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күннен кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) нысандағы өтініш;
2) персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125 мекенжайы бойынша Департаменттің ғимаратында өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

Мұрағат

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
«КАЗСТАТ» жобасы
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет:
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін)
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 707 755 24 49
Сенім телефоны:
+7 7172 74 90 07
Баспасөз қызметі:
Алимова Д.А.
8 701 555 7859,
+7 7172 74 92 57
e-mail: Di.Alimova@economy.gov.kz
Кеңсе:
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2016
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter