Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,2%
17.05.2024
Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,2%
2024 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,2% құрады. Төрт ай ішінде 15 540,8 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру саласында – 7 167,9 млрд теңгеге (жалпы көлемнің 46,1%), өңдеу саласында – 7 059 млрд теңгеге (45,4%).
Табиғи газ шығару (102,5%), металл кендерін (106,5%) өндіру салаларының және тау-кен өнеркәсібі қызметтерінің (108,8%) артуына байланысты 2024 жылғы қаңтар-сәуірде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп инедксі 101,1% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы есепті кезеңде 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда индекс 105,2% құрады. Өсу химия өнеркәсібінде – 6%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарда – 7,3%, металлургияда – 5,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 25,8%, машина жасауда – 2%, өзге де дайын бұйымдарда 2 есе боп белгіленді.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақмола, Атырау, Жетісу, Жамбыл облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.



Өнеркәсіп статистикасы

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші